Система Orphus

Қазақстан президенті мен Ресей Федерациясы президентінің кеңесшісі ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

07.10.2009, 17:41 1080

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы президентінің кеңесшісі Виктор Черномырдинді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иңгіме барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын кеңейту, ТМД мемлекеттерімен өзара қатынастар, соның ішінде интеграциялық ұйымның мәселелері қозғалды.

Президент Қазақстан тарабы Достастық қызметінің тиімділігін арттыруға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. 2008 жылы ұлттық үйлестіру туралы ереже, ТМД-ға төрағалық ету туралы және бірқатар өзге құжаттар мақұлданды.

Виктор Черномырдин Нұрсұлтан Назарбаевтың "Известия" газетінде жарияланған "Бесінші жол" атты мақаласына жоғары баға берді.

"Бұл өте терең, аналитикалық материал. Нұрсұлтан Назарбаев - өмірлік тәжірибесі мол адам және бұл принципті мәнге ие", - деді Виктор Черномырдин.

РФ президентінің кеңесшісі Қазақстанның жаңа Елордасы - Астананың құрылысының қарқынына ризашылығын білдірді.

"Мен Астанада тура 12 жыл бұрын болдым. Егер мені осында әкеліп, қайда келгенімді сұраса, мен өмірімде бұлай болады, мен Астанадамын деп ойламас едім. Ол кезде Астана қандай еді және бүгін қандай - екеуі бөлек қала. Бүгінгі Астана - бұл әдемі, қуатты және дамып келе жатқан қала", - деп атап өтті Виктор Черномырдин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны