10.04.2009, 17:37 3162

Қазақстан президенті мен Үндістанның премьер-министрі екіжақты қарым-қатынастарды дамыту перспективасын талқылады

Қазақстан президенті мен Үндістанның премьер-министрі екіжақты қарым-қатынастарды дамыту перспективасын талқылады

Алматы. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанның премьер-министрі Манмохан Сингхпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы қаңтарда Үндістанға жасаған мемлекеттік сапарының табысты болғанын және екі елдің өзара қарым-қатынасына жаңа серпін бергенін атап өтті.

Иңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту перспективасы, соның ішінде атом энергетикасы, мұнайхимия, ақпараттық технология, фармацевтика және инфрақұрылымдық жобалар жайы талқыланды.

Қазақстан мен Үндістан басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін үлкен әлеует барын атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны