22.01.2010, 19:17 3020

Қазақстан президенті министрлердің жас орынбасарларын өңірлерге жұмыс істеуге жіберу қажет деп пайымдайды

"Бүгін бізде түрлі мекемелердегі дардай лауазымдарда жас балалар отыр, олар тіпті ол жерде не үшін отырғанын да білмейді. Ирине, жас мамандардың 15 - 20% арасында өздеріне лайықты орындарда отырғандар да бар, ал қалғандары кімнің қандай топта, қандай кланға қатысы бар екендігін айтып кеуде қағудан өзгені білмейтіндер. Олардың бар тілегі - одан да жылы-жайлы орынтаққа барып жайғасу", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

Астана. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев министрлердің жас орынбасарларын өңірлерге жұмыс істеуге жіберу қажет деп пайымдайды. Бұл туралы Елбасы бүгін Ақордада үкіметтің 2009 жылғы есебі тыңдалған кеңесті ашқан кезде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгін бізде түрлі мекемелердегі дардай лауазымдарда жас балалар отыр, олар тіпті ол жерде не үшін отырғанын да білмейді. Ирине, жас мамандардың 15 - 20% арасында өздеріне лайықты орындарда отырғандар да бар, ал қалғандары кімнің қандай топта, қандай кланға қатысы бар екендігін айтып кеуде қағудан өзгені білмейтіндер. Олардың бар тілегі - одан да жылы-жайлы орынтаққа барып жайғасу", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

"Министрлердің жас орынбасарлары деңгейіндегі мамандарды 2-3 жыл мерзімге өңірлерге облыс әкімдерінің орынбасары деңгейінде, аудандарға одан да төмен деңгейлерге жұмыс істеуге жіберу қажет. Ал осында сол облыс, қала және аудандардың әкімдерінің орынбасарлары секілді өмірді, оңы мен солын білетін, халық үшін от пен суға күйіп, өз қолдарымен іс тындырған, қайда ненің жатқанын білетін адамдарды әкелу керек", - деді ол.

"Ал шетелдерде жоғары оқу орындарын бітірген болашақтықтар бізде басқаша адамдар ма? Болашақтың 200 - 300 түлегін облыстарға индустриялық бағдарламаны іске асыруға жұмысқа жегіп жіберуге неге болмасқа? Президент әкімшілігі осы мәселені дәйектеуі қажет", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны