28.01.2009, 19:17 2983

Қазақстан президенті митрополит Кириллді Орыс православиелік шіркеуінің Патриархы болып сайлануымен құттықтады

Қазақстан президенті митрополит Кириллді Орыс православиелік шіркеуінің Патриархы болып сайлануымен құттықтады

Астана. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу және бүкіл Орыс Патриархы, митрополит Кириллді Орыс православиелік шіркеуінің Патриархы болып сайлануымен құттықтап жолдау жіберді, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Православиелік епархияның таңдауының сізге түскені сіздің шіркеу мен қоғам алдында атқарған ерен еңбегіңізді, соның ішінде әлемдік діндер арасында диалог орнатуға қосқан тынымсыз еңбегіңізді жоғары бағалағанының дәлелі деп білемін", - делінген жеделхатта.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысы Мәскеу және бүкіл Орыс Патриархы, митрополит Кириллді Астанада 2009 жылдың 1-2 шілдесінде өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті ІІІ сьезіне қатысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны