27.09.2012, 13:06 3149

Қазақстан президенті мұнайгаз саласындағы мәселелерді шешуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді

Кеңеске Премьер-Министр С.Ахметов, Президент Икімшілігінің Басшысы К.Мәсімов, Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Келімбетов, "Самұрық-Қазына ҰИҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ө.Шөкеев, Президент Икімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов, Мұнай және газ министрі С.Мыңбаев, "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ Президенті Л.Қиынов және Қазақстанның "Атамекен" ҰЭП Президиумының төрағасы Т.Құлыбаев қатысты.

Алматы. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің мұнайгаз кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеңеске Премьер-Министр С.Ахметов, Президент Икімшілігінің Басшысы К.Мәсімов, Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Келімбетов, "Самұрық-Қазына ҰИҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ө.Шөкеев, Президент Икімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов, Мұнай және газ министрі С.Мыңбаев, "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ Президенті Л.Қиынов және Қазақстанның "Атамекен" ҰЭП Президиумының төрағасы Т.Құлыбаев қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының еліміздің мұнайгаз кешенін дамыту және ағымдағы міндеттер бойынша нақты шешімдер әзірлеу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

"Бүгін газ өңдеу зауытының құрылысы және Қарашығанақ кен орнынан еліміздің орталық өңірлеріне газ құбырын тарту мәселелері, сондай-ақ Ресейден мұнай тасымалдау және Павлодар мұнай өңдеу зауытына жеткізу мәселелерін қарастыруымыз керек. Мен сіздерден, нақты учаскеге қойылған адамдардан, мұнайгаз секторының мәселелерін шешудің нақты және анық жолдарын естігім келіп отыр. Бүгінгі таңда осы саладағы кейбір мәселені мемлекет басшысы деңгейінде шешуге тура келуде, әйтсе де, бұл - сіздердің құзыреттеріңіздегі мәселе. Сонымен қатар, алдағы уақытта Қашаған кен орнын игеру жөніндегі жобаны әзірлеу мәселесін жете зерттеу маңызды", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті кеңестің қорытындысы бойынша мұнайгаз саласындағы бірқатар ағымдағы мәселелерді шешу және бұдан бұрын алға қойылған міндеттерді орындау жөнінде нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны