10.12.2015, 10:26 3888

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Ресейде "Жыл адамы-2015" атанды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Халықаралық қарым-қатынас" номинациясында "Жыл адамы-2015" сыйлығыныӊ лауреаты атанды. Салтанатты марапаттау рәсімі Мәскеудегі Христос храмыныӊ Сергиев залында өтті, деп хабарлады Қазақстаннныӊ РФ-дағы елшілігі

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Халықаралық қарым-қатынас" номинациясында "Жыл адамы-2015" сыйлығыныӊ лауреаты атанды. Салтанатты марапаттау рәсімі Мәскеудегі Христос храмыныӊ Сергиев залында өтті, деп хабарлады Қазақстаннныӊ РФ-дағы елшілігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сыйлықты тағайындаушылар - Орыс биография институты мен Экономикалық стратегиялар институты атап өткендей, Нұрсұлтан Назарбаев сыйлыққа халықаралық саясаттағы толағай жетістіктері мен Еуразиялық экономикалық одақтыӊ нығаюына үлес қосқаны үшін ие болды. Айта кетейік, 2012 және 2014 жылдары қазақстандық лидер аталмыш премияныӊ лауреаты болған, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сыйлық лауреаттарыныӊ ішінде 2015 жылы - Ресей Президенті В.Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенок, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Мемлекеттік кеӊес пен Куба Республикасы министрлер кеӊесініӊ төрағасы Рауль Кастро, Татарстанныӊ тұӊғыш президенті Минтимер Шаймиев, Патриарх Московский Кирилл, академик Лео Бокерия, кинорежиссер Никита Михалков бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны