12.05.2017, 17:06 6565

Қазақстан Президенті "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесініӊ президенті Шигео Катсумен кездесті

Кездесуде Мемлекет басшысына білім беру мекемесініӊ жұмыс нәтижелері туралы есеп беріліп, университеттіӊ құрылғанынан бергі жетістіктері және оны бұдан әрі дамыту жоспарлары жөнінде баяндалды.

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесініӊ президенті Шигео Катсумен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Мемлекет басшысына білім беру мекемесініӊ жұмыс нәтижелері туралы есеп беріліп, университеттіӊ құрылғанынан бергі жетістіктері және оны бұдан әрі дамыту жоспарлары жөнінде баяндалды.

Елбасыға "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесі 7 жылдағы өз жұмысы барысында жетекші халықаралық жоғары оқу орындарыныӊ үздік тәжірибесін қабылдағаны, сондай-ақ оқу орнында болашағынан үміт күттіретін еӊ дарынды студенттерді іріктеуге септігін тигізетін меритократия қағидаты енгізілгені мәлімделді.

Биыл "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесініӊ үшінші түлектері оқуды тәмамдайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны