26.06.2017, 10:50 6865

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарыныӊ V құрылтайына қатысты

Мемлекет басшысы Астанаға әлемніӊ 39 елінен келген Дүниежүзілік құрылтайдыӊ барлық қатысушыларына арнап сөз сөйледі.

Астана. 23 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарыныӊ V құрылтайына қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Астанаға әлемніӊ 39 елінен келген Дүниежүзілік құрылтайдыӊ барлық қатысушыларына арнап сөз сөйледі.

Елбасы алғашқы Құрылтай өткеннен бергі 25 жыл ішінде Қазақстанныӊ жеткен жетістіктерін және елімізде жүргізілген реформаларды атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев рухани жаӊғыру аясында іске асырылып жатқан 6 жобаға, соныӊ ішінде қазақ қарпініӊ латын әліпбиіне көшуі, гуманитарлық бағыттағы үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аудару, "Туған жер", "Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы", "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет", "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" сияқты жобаларға ерекше тоқталды.

Қазақстан Президенті мемлекетіміз бен қоғам тарапынан қандастарымызды қолдаудыӊ маӊыздылығын айтып, "Отандастар" қорын құруды тапсырды.

- Қор Дүниежүзі қазақтарыныӊ қауымдастығымен бірлесіп, қандастарымызға қолдау көрсетудіӊ тетіктерін анықтап, тиісті кешенді бағдарлама әзірлеуі қажет, - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы елшіліктерге Қазақстанға оралушылардыӊ құжаттарын дайындау және оларға кеӊес беру жөніндегі жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

- Сонымен қатар, жастарға қолдау көрсету қажет. Үкіметке отандастарымыздыӊ жоғары білім алуын қолжетімді ету үшін оларға бөлінген квотаны 2 есе көбейтуді тапсырамын. Үкімет шетелдегі қандастарымыздыӊ ана тілінде білім алу мүмкіндіктерін қарастыруы керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті іргелес елдерде мемлекеттік телеарналардыӊ көрсетілуі мен мерзімді баспасөздіӊ таралу мәселелерін пысықтау, қандастарымыз арасындағы дарынды және кәсіби мамандарды елге тартып, оларды бейімдеу тетіктерін қарастыру, еліміздіӊ оӊтүстігінен солтүстік облыстарына қоныс аудару бағдарламасына қатысқан азаматтарымыздыӊ орналасуына жағдай жасап, оларды жұмыспен қамту жөнінде тапсырмалар берді.

Елбасы сөзініӊ соӊында Құрылтайға қатысушыларға Астананы аралап көріп, "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесін тамашалау жөнінде ұсыныс айтты.

Құрылтай соӊында Мемлекет басшысы шетелдегі ағайынныӊ Атамекенді ұмытпай, оны әрдайым құрмет тұтуға шақырды.

- Шетелдегі қазақтардыӊ елге жиі келіп, туған жерімен байланыстарын нығайтып отырғаны дұрыс. Қай елде тұрсаӊыздар да, әрдайым Қазақстанды жүректеріӊіздіӊ төрінде ұстаӊыздар. Қазақтыӊ тарихи отаны біреу-ақ. Ол - Қазақстан, - деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Дүниежүзі қазақтарыныӊ V құрылтайында сөйлеген сөзі:

Ардақты ағайын!

Қымбатты бауырлар!

Дүниежүзі қазақтарыныӊ V құрылтайына келген баршаӊызға қазақтыӊ қастерлі Атажұрты - Қазақ Еліне, оныӊ бас ордасы - Астанаға қош келдіӊіздер деп, қуанышымды білдіремін!

Алты құрлыққа сауын айтқан мына алқалы жиынға әлемніӊ 39 елінен 350-ден астам қандасымыз келді.

Қайда жүрсе де қазақтыӊ тарихи отаны біреу-ақ. Ол - Қазақстан.

Атамекеніміз жалғыз, ол - бір уыс топырағына дейін қасиетті Қазақ Елі.

Бүгінгі басқосуға негізінен жас буынныӊ өкілдері шақырылды.

Себебі, жас ұрпақ түп қазығын ұмытпай, бір тамырын тарихи Отанында жаюға тиіс.

Туған елімен байланысын нығайтып, ата салтын сақтап, ана тілін ұмытпай, біліп өсуі қажет.

Құрылтай баламалы энергия бойынша жер жүзініӊ инновациялық жетістіктерін паш ететін ЭКСПО-2017 көрмесіне орай өтуде.

Біз арнайы осылай байланыстырдық.

Себебі, бұл Қазақстанныӊ мерейін асырып, күллі әлемніӊ назарын аударатын ауқымды шара болып отыр.

Біз бауырларымыз Атажұртыныӊ бүгінгі келбетін көріп, марқайсын, ой түйсін деп, сіздерді ЭКСПО-ға орай шақырдық.

Дүниені таӊқалдырған елордамыз - Астананыӊ өсіп-өркендеп бара жатқанын көрсін, қуансын деп ойладық.

Кешеден бері Қазақстанныӊ марқайған, көркейген астанасын көріп, көз жеткіздіӊіздер.

Құрметті отандастар!

Алғашқы құрылтайдан бері 25 жыл өтті.

20 ғасырда қазақтыӊ басынан өтпеген зұлмат жоқ. Тәуелсіздіктіӊ 25 жылы да қиындықсыз болған жоқ.

Дегенмен, қазақтыӊ талантты халық екені дүние жүзіне белгілі. Бәріміз бірігіп, жұмыла жұмыс істеп, бірлігімізден жазбағанныӊ арқасында осы жылдар ішінде келелі табыстарға жеттік.

Жалпы орташа өмір сүретін халықтардан озып, олардан жоғары шықтық. 40 пайыз кедейшілікті 3 пайызға төмендеттік.

Экономикамызды 22 есе өсірдік. Елдіӊ табысы да осынша өсті. Бүгінгі қазақтыӊ тарихында оныӊ жағдайы мен тұрмысы еш уақытта мұндай болған емес.

Бұл - тарих тұрғысынан қас қағым сәт болғанмен, қазіргі таӊда тұтас дәуірге татитын уақыт.

Еліміздіӊ болашаққа бастар бағыты мен мақсаты да айқын.

Біз бұл жолдан да өттік. Бірінші жолымыз - тәуелсіздік алған қуанышымыз болды. Екіншісі - 2030 жылға дейінгі бағдарламамыз. Оны орындадық.

Енді үшінші жол - 2050 жылға дейінгі стратегиямыз. Оныӊ негізгі мақсаты - өркендеген еӊ үлкен мемлекеттер қатарына қосылу.

Елдігімізді нығайтатын 5 институттық реформаны іске асыру үшін "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарын орындап жатырмыз.

Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруын жариялап, оныӊ 5 басымдығын нақтыладық.

Конституциялық реформалар жасап, саяси жаӊғыруды жүзеге асырудамыз.

Бұл жұмыстардыӊ өзегіне айналатын Рухани жаӊғыруды қолға алдық.

Оған қоғамдық сананы түбегейлі өзгертіп, жаӊа ұрпақ қалыптастыруға бағытталған

6 жоба негіз болады.

Заман өте тез жылжып келеді. Қазір техника мен инновацияныӊ артқан кезі. Жаӊалықтар күн сайын еселенуде.

Халықтар зор бәсекелестік жолына түсті. Солардыӊ қатарында болу үшін біз де қамдануымыз керек.

Біріншіден, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру.

Бұл - ана тіліміздіӊ жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әрі әлем қазақтарыныӊ рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам.

Мұны айтып отырған себебім, қазір ТМД аумағындағы қазақтар кирилл әріптерін, Қытайдағы қандастарымыз төте жазуды, батыс елдеріндегі бауырлар латын әліпбиін қолдануда.

Бәріміз сөйлескенде тіліміз бір болса да, оқығанда үш түрлі болып шығады. Ешбір кедергісіз түсінісетін бір қазақтыӊ баласы бір-бірініӊ жазуын ұқпайтын күйге жетті.

Бұл - жер жүзіне тарыдай шашылған қазақтыӊ кейінгі ұрпағын бір-бірінен алшақтатуда.

Көп ұзамай бұл олқылықтар біржола жойылады.

Қазақ тілініӊ латын әліпбиіне көшуі бірлігімізді нығайтып, рухани жақындастыра түседі.

Екіншіден, гуманитарлық бағыттағы еӊ үздік 100 оқулықты қазақ тілінде шығару.

Бұл - қазақстандықтар үшін ғана емес, күллі қазақ үшін айрықша маӊызды жоба.

Шет елдіӊ оқулықтарын алдымен орысшаға, сосын қазақшаға аударғанша көп жыл өтеді.

Сондықтан еӊ керекті 100 кітапты қазақ тілінде шығару мәселесін алға қойып отырмыз.

Енді қандастарымыз қай елде тұрғанына қарамастан дүниедегі еӊ таӊдаулы біліммен ана тілінде сусындай алады.

Қазір осында сан тілде сөйлейтін, тереӊ білімді көптеген жастар отыр.

Сіздерді күллі қазақтыӊ өрісін кеӊейтіп, деӊгейін көтеретін айтулы жобаға белсене қатысуға шақырамын.

Жолдауымда мұны 2025 жылға дейін жүзеге асыру керек деген меже қойған болатынмын. Бірақ оны соза берудіӊ қажеті жоқ.

Ғалымдарымыз бізге тиісті әріптерді таӊдап беруге тиіс.

Меніӊше, еш қиындық жоқ. Себебі, біздіӊ балаларымыздыӊ бәрі бірінші сыныптан бастап ағылшынша оқиды.

Өсіп келе жатқан ұрпаққа оны игеру еш қиын болмайды.

Үшіншіден, "Туған жер" жобасы әрбір азаматтыӊ жері мен еліне қамқорлық жасауын көздейді.

Мен тарихи Отанына септігін тигізгісі келетін қандастарымыз да көп екеніне сенімдімін.

Ирқайсымыз өз мүмкіндігімізге қарай кіндік қанымыз тамған туған жерімізге жақсылық істесек, бүкіл халықтыӊ берекесі болар еді.

"Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?" деген ақынныӊ өлеӊ жолдары бар.

Шынында да, отаншылдық, отанды сүю туған жеріӊнен, туған ауылыӊнан басталады.

Сондықтан "Туған жерге тәу ету" деген ұғым қазаққа тән нәрсе.

Айталық, Еуропадан дәрігер қазақ келіп, бір бауырына операция жасаса, бұл бар қазақтыӊ жаны бір екенін көрсетпей ме?

Немесе құрылтайға келген әрбір қазақ Астанада ағаш отырғызса, оны жергілікті жұрт қиырдағы бауырымныӊ қолтаӊбасы деп баптап жүрсе қандай жарасымды?!

Шетелдегі қазақ өнерпазы елде концерт берсе, қазақ ғалымы тапқан жаӊалығын енгізіп, кәсіпкерлер жаӊа өндірістер ашып жатса, ел мен елдіӊ қосылғаны осы емес пе?!

Жобаны үйлестіруші орган Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп, бұл бағытта жұмыс істеуі керек.

Төртіншіден, қазақ үшін Атамекенніӊ бір шымшым топырағына дейін тұнып тұрған қасиет.

Тұтас түркініӊ алтын бесігі Алтай, киелі Түркістан, ұлт ұясы Ұлытау және басқа да орындар - барша қазақ үшін қасиетті.

Бұл жерлерге шетелден сан мыӊ қазақ келіп, тағзым етіп жүр.

Алайда, кейінгі жастардыӊ елдегі тарихи, рухани құндылықтардан хабары аз.

"Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы" жасалған соӊ, ол шеттегі қазақтарға да таныстырылуы қажет.

Қайда жүрсек те алты алашқа ортақ құндылықтар бізді біріктіре түседі.

Сондай-ақ, қазақтыӊ талай баға жетпес рухани қазыналары Қазақстаннан тыс жерде.

Біз бір жылды "Ұлттық тарих жылы" деп жариялап, дүние жүзі бойынша қазақ тарихына қатысты құндылықтарды іздестірдік.

Көп дүние жиналды. Кейіннен "Мәдени мұра" бағдарламасын іске асырдық. Жаӊа кітаптар жазып, қазақтыӊ аталы сөздерін, әндерін, философтар мұрасыныӊ жинағын шығардық.

Ғалымдарымыз шетелдерге жасаған ғылыми сапарлары арқылы көптеген құнды мұраларымызбен қайта табыстыруда.

Жақында белгілі ғалымымыз 1,5 мыӊ жыл бұрын жасалған домбыраны тауып, елге әкелді.

Көне түркі тілінде "жұпар күй әуені сүйсіндірді" деген жазуы бар домбыра қазақ күйі 15 ғасыр бұрын ұлы өнер деӊгейіне көтерілгенін көрсетеді.

Қазақстаннан тысқары жерлерде мұндай құнды жәдігерлер жетіп артылады.

Археологиялық зерттеулер жасағанда шеттегі киелі орындар мен мұралар назардан тыс қалмауға тиіс.

Бесіншіден, Қазақстандық мәдениетті әлемге танытатын бірегей жоба басталды.

Онда отандық мәдениеттіӊ таӊдаулы үлгілері әлемніӊ басты тілдерінде сөйлеп, барлық құрлықтарға жол тартады.

Сондай өнер туындыларын тауып, сараптап, Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ алты тіліне аударып, дүние жүзіне тарату керек.

Қазақстандық мәдениет дегеніміз - еӊ алдымен қазақтыӊ мәдениеті.

Ендеше, төл мәдениетімізді жер жүзіне танытуға ағайындар да атсалысуы керек.

Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ XXV сессиясына сонау Аргентинада тұратын жерлесіміз келіп қатысты.

17 жыл бұрын Алматыдан көшкен неміс қызы Қазақстанныӊ мәдени орталығын құрып, ұлттық байрақ мемориалында көк туымызды желбіретіп жүр.

Осындай патриоттар баршаға үлгі.

Алтыншыдан, "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасы Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен отандастарымызды елге таныстырып, үлгі етуді көздейді.

Біз 25 жыл ішінде ғасырға татитын шаруа жасадық. Қазақстанды дүние жүзіне паш еттік. Еліміздіӊ деӊгейін көтердік.

Қазақстанныӊ көптеген бастамасы әлемде қолдау тауып, іске асуда.

Осы жылдар ішінде баршаға белгілі болған отандастарымыз да аз емес. Соларды іріктеп, аттарын әлемге таныту керек.

Ирбір азаматтыӊ табыс жолы - еліміздіӊ даму жолыныӊ көрінісі.

Оларды алыстағы ағайын білуі қажет.

Сондай-ақ, өмір бойы сыртта жүрсе де, білімі мен білігі, өнері мен дарыны арқылы қазақтыӊ атын шығарған бауырларын тарихи Отаны тануға тиіс.

Қауымдастыққа әлемдегі танымал қазақтардыӊ электронды базасын дайындауды тапсырамын.

Бұл шетте жүрген ағайынмен сан түрлі салада ынтымақтастық орнатып, барыс-келісті жандандыруға жол ашады.

Рухани жаӊғыру деген - бүкіл қазақтыӊ жаӊғыруы, бірлік деген - барша қазақтыӊ бірлігі.

Бұл - негізгі мәселе. Біздіӊ қол жеткен табысымыз ел ішіндегі тыныштық пен бірліктіӊ арқасы.

Бірлігі жоқ елдерде не болып жатқанын көріп отырмыз. Қазақтыӊ "Өсер елдіӊ арманы бітпес, өспес елдіӊ жанжалы бітпес" деген аталы сөзі бар.

Сондықтан біз бірлікті, соныӊ ішінде қазақтыӊ бірлігін сақтап келе жатырмыз.

Тарихқа көз салсақ, қазақтыӊ жеӊіліп, біреуге бодандыққа түсуі тек қана іштен ыдырап, бірлігінен айырылған кезде болған.

Керісінше, қазақ біріккен кезде жеӊіп отырған. Осыны ұмытпауымыз керек.

Қазіргі жаһандану дәуірінде рухани тұтастық қана қазақты ғасырлар сынынан сүрінбей өтетін Мәӊгілік Ел етеді.

Қадірлі бауырлар!

Өткен 20-шы ғасыр қазақ үшін қиянатты, өте ауыр ғасыр болды. 1921-1930 жылдардағы аштықта қазақтыӊ теӊ жартысынан айырылдық.

Кезінде ондай жағдай болмағанда, қазір қазақтыӊ саны 50-60 миллионнан асып қалар еді.

Одан кейін репрессия болды. 103 мыӊ адам сотталды. Қазақтыӊ 65 мыӊ бетке ұстар зиялысы тұтқындалды. Оныӊ 25 мыӊы атылды.

Қазақ үшін сөз айта алатын адамдардыӊ тамырына балта шабылып, жойып жіберілді. Сол қиыншылықтар кезінде қазақтар жан сауғалап, дүние жүзіне шашырап кетті.

Мыӊ өліп, мыӊ тірілген қазақ өркендеп, қайта өсіп келеді.

Қазір 5 миллионнан астам қандасымыз шет мемлекеттерде тұрып жатыр.

Біз Тәуелсіздік жылдарында алыстағы ағайынды қолдауды естен шығарған емеспіз.

Шетелден 1 миллионға жуық қазақты елге көшіріп алып, қолдан келер барлық көмегімізді жасадық.

Бүгінде бауырларымыз Қазақстанныӊ азаматы атанып, ел дамуына өз үлестерін қосуда.

Келген ағайындардыӊ ішінде көптеген танымал ғалымдар, дарынды спортшылар мен өнер майталмандары бар.

Мысалы, боксшы Қанат Ислам, әнші Майра Мұхамедқызы, ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы, Дүкен Мәсімхан және басқа да көптеген азаматтарды атауға болады.

Сонымен бірге, ағайындар демографиялық жағдай жақсарып, халық саныныӊ өсуіне ерекше ықпал етті.

1991 жылы елімізде қазақтардыӊ үлесі 40 проценттей болса, қазір 70 проценттен астық.

Қымбатты отандастар!

20 ғасырда Солтүстік Кавказдан 550 мыӊ адам, Қиыр Шығыс пен Кореядан 100 мыӊ адам, Ресейдегі неміс ұлтынан 600 мыӊ адам, еврейлер мен гректерден 1,5 миллиондай адам күштеп көшіріліп, жасанды түрде көп ұлтты елге айналдық.

Тәуелсіздік алған жылдарда 17 миллионға тарта халқымыз бар еді. Одақ ыдырап, ел сарсаӊға түскенде, солардыӊ біразы елдеріне көшті. Содан біз 14 миллион болып қалдық.

Алғашқыда жыл сайын 200 мыӊдай бала дүниеге келсе, қазір жылына 400 мыӊнан астам бала туады.

Мен биылғы 1 шілдеде халқымыздыӊ саны 18 миллионға жетеді деп жариялаймын.

Қандастарымызға мемлекет пен қоғам тарапынан жан-жақты қолдау мен көмек көрсету үшін мына жұмыстар қолға алынуы тиіс.

Біріншіден, шеттегі және елге көшіп келетін ағайынды қолдау үшін "Отандастар" қорын құрамыз.

Қазақ бизнесмендерін осы қорға өз үлестерін қосуға шақырамын.

Мұны ұйымдастыруды Құрылтай басшылығына, Президент Икімшілігіне және Үкіметке тапсырамын.

Қауымдастықтыӊ офисін Алматыдан Астанаға көшіретін кез келді.

Екіншіден, құрылған Қор Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп, отандастарға жан-жақты қолдау мен көмек берудіӊ іс-шараларын анықтап, соған сәйкес кешенді бағдарлама әзірлесін.

Ол бағдарламада қазақтыӊ көші мен алыстағы ағайынмен байланыстыӊ барлық мәселелері қамтылуы керек.

Бағдарламаныӊ басымдықтары мен міндеттері қор арқылы іске асырылатын болады.

Үшіншіден, елім, жерім деп еміренген әрбір қазаққа Қазақстанныӊ есігі әрқашан айқара ашық. Ешкімге шектеу жоқ.

Біз көшіп келетін ағайынға жол сілтеуді тұрғылықты жерінен бастауымыз керек.

Елшіліктер азаматтардыӊ құжатын қамдап, қоныстанатын жері туралы кеӊес беруге тиіс. Оны Сыртқы істер министрлігіне тапсырамын.

Сонда шекарадағы шырғалаӊ да, елге келген соӊ құжат түгендеу үшін ары-бері сабылу да болмайды.

Қытай қазақтарыныӊ сотталмағаны туралы анықтама алуы жайы, ағайынныӊ арғы беттегі еӊбек өтілі есептелмеуі сияқты проблемалар бар.

Үкіметке осыныӊ бәрін кешенді түрде қайта қарап, шешімін табуды тапсырамын.

Төртіншіден, жастарға қолдау көрсету.

Біз шетелдегі қазақ балаларыныӊ Қазақстанда білім алуына жағдай жасауымыз керек.

Қазір олар мемлекеттік грантпен еліміздіӊ жоғарғы оқу орындарында оқи алады.

Үкіметке отандастарымыздыӊ жоғары білім алуын қолжетімді ету үшін оларға бөлінген квотаны 2 есеге көбейтуді тапсырамын.

Қазір білім мен ғылымға көп көӊіл бөліп жатырмыз. Осы жылдар ішінде 1 500 мектеп салынды. Зияткерлік мектептер мен жоғары оқу орындарын салдық.

Шетелдік қазақ студенттері үшін біліміне қарай арнайы стипендиялық бағдарлама енгізу керек.

Қай елдіӊ азаматы болса да елде оқыған қазақ баласы ертеӊ Қазақстанға қызмет ететінін есте сақтаған жөн.

Бесіншіден, сыртта жүрген бауырлардыӊ бір бөлігі, әсіресе, жастар ассимиляцияға түсіп, ана тілін ұмытып барады.

Біз бұған ара түсуге тиіспіз.

Үкімет шетелдегі қандастарымыз ықшам орналасқан өӊірлерде олардыӊ ана тілінде білім алу мүмкіндіктерін қарастыруы керек.

Қысқа мерзім ішінде қазақ диаспорасын гуманитарлық бағыттағы әдебиеттермен, оқулықтармен, әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуді тапсырамын.

Алтыншыдан, алыстағы ағайын елден тұрақты хабар алып, байланыста болғысы келеді. Қазақстанда не болып жатқанын біліп, атқарылып жатқан істерді көргісі келеді.

Қазір шетелдік көрермендерге арналған KazakhTV телеарнасы қандастарымыз тұратын аймақтардыӊ біразын қамтиды.

Бірақ, бұл жеткіліксіз.

Үкіметке мемлекеттік телеарналарды іргелес елдерде көрсету мүмкіндіктерін қарастыруды жүктеймін.

Бұл мерзімді баспасөзге де қатысты.

Жетіншіден, кез-келген мемлекет кәсіби, білімді, жаӊашыл мамандарға мұқтаж.

Мен тарихи Отаныма еӊбек сіӊіремін, оныӊ дамуына үлес қосамын деген әрбір талантты қазақты елге шақырамын.

Үкімет осындай азаматтарды елге тартып, мамандығына, мүмкіндігіне қарай жағдай жасаудыӊ тетіктерін қарастырсын.

Сегізіншіден, біз арнайы бағдарлама қабылдап, оӊтүстіктіӊ тұрғындарын солтүстікке көшіріп жатырмыз.

Ағайындар еӊбек күші аз теріскей жаққа қоныстануға ынталы болуы керек.

Бұл үшін көшіп келушілердіӊ жаӊа ортаға неғұрлым тез бейімделуіне жағдай жасауға тиіспіз.

Ол жақта бейімдеу орталықтары жұмыс істеуі қажет.

Келген ағайынды қоныстандыратын үйлер салып, әлеуметтік инфрақұрылым жасау керек. Оны бағдарлама түрінде қолға алуымыз қажет.

Олардыӊ қажетті мамандық алуына жәрдем беріліп, жұмыспен қамтудыӊ жол картасы жасалсын.

Осыныӊ бәрі - ұлтымыздыӊ, еліміздіӊ жарқын болашағы үшін атқарылатын маӊызды шаралар болмақ.

Ардақты ағайын!

Біз сіздердіӊ келгендеріӊізге қуанамыз. Атажұртқа тарихи отанымыз бар деп келіп отырсыздар.

Сондықтан, дүние жүзіндегі қазақтардыӊ басы қосылып, еліміздіӊ өркендеуіне атсалысса екен деймін. Бірлігіміз ажырамасын.

Қауымдастық құрылған күннен бастап оған өзім төрағалық етіп келемін.

Мен үшін шетте жүрген бауырларға жанашыр болу - әрбір қазақстандыққа қамқорлық жасаумен бірдей маӊызды.

"Ир қазақ - меніӊ жалғызым" деген өлеӊ жолын құрылтай мінбесінен әлемдегі әрбір қазаққа жолдаймын.

Сіздерге айтарым, алыстағы ағайынға меніӊ дұғай сәлемімді жеткізіӊіздер.

Қазақ баласы қай елде тұрса да Ұлы Далада Мәӊгілік Ел құрып жатқан байтақ Қазақстанныӊ ажырамас бөлшегі екенін жүрегініӊ төрінде ұстасын!

Құрылтай күнде болып жатқан жоқ.

Асықпай Атамекенде аунап-қунап, әсем Астананы көріӊіздер.

Илем назарын тіккен ЭКСПО-ны тамашалаӊыздар. Оған 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысуда.

Біз екі-үш жылдыӊ ішінде Астананыӊ бір ауданын салып шықтық.

Бұл сапар елмен етене танысып, ой түйер жемісті сапар болсын.

Бүгін барша қазақтыӊ басын біріктірер салмақты ойлар айтылып, ізгі істер бастау аларына сенімдімін.

Екі күннен соӊ барша мұсылмандар үшін қасиетті айт мерекесі басталады.

Біз ұмытылып кете жаздаған ата дінімізді қайтарып, Қазақстанда 2,5 мыӊнан астам мешіт аштық. Елді имандылыққа шақырып келеміз.

Біз экстремизм мен терроризмге қарсы елміз. Зайырлы мемлекетпіз. Сол жолды ұстанамыз. Өркениетке, ғылым мен білімге қол созған елміз.

Айт қабыл болсын, жаратқан Қазаққа жар болсын!

Қазақстанныӊ тәуелсіздігі мәӊгілік болсын!

Біздіӊ көк байрағымыз мәӊгі желбірей берсін!

* * *

Құрметті отандастар!

Дүние жүзіндегі қазақтар саны басқа елдермен салыстырғанда көп емес. Дегенмен, елдіӊ деӊгейі халқыныӊ көптігімен немесе аздығымен өлшенбейді. Елдіӊ сіӊірген еӊбегімен, сол елден шыққан белгілі адамдар мен ғалымдардыӊ жетістіктерімен өлшенеді.

Сондықтан, бар қазақтыӊ басын біріктіру - меніӊ Елбасы ретіндегі парызым! Сенімдеріӊізге рахмет!

Қазақстан - бәріміздіӊ ортақ Отанымыз.

Сырттағы ағайын әрдайым көӊіліміздіӊ төрінде.

Бүгін көптеген мәселелерді талқыладық. Ұсыныстарыӊыздыӊ барлығы ескерілетін болады.

Мен Үкіметке бірқатар тапсырмалар бердім, ол меніӊ бақылауымда болады.

Жалпы, бұл құрылтайдыӊ берері аз емес деп санаймын.

Қазақта "бармасаӊ, келмесеӊ жат боларсыӊ" деген сөз бар.

Сондықтан, тек қана құрылтайға емес, әр уақытта келіп тұрыӊыздар. Біздіӊ есігіміз әрдайым ашық.

Шеттегі әрбір қандасымыз - қазақ елініӊ бір түйіршігі.

Сіздер екі ел арасындағы дәнекер боласыздар.

Шетелдегі қазақтар елге жиі келіп, туған жерге тамыр бекітіп тұрғаны дұрыс.

Сіздер елге келіп көзайым болсаӊыздар, мен де сырттағы жастарымыздыӊ ой өрісін, білім деӊгейін, бастысы, қазақы болмыстарын көріп, көӊілім толып отыр.

Осы қалыптан танбаӊыздар.

Қайда жүрсеӊіздер де, арқа сүйер Атамекенді, бүкіл қазақ қасиет тұтар Қазақстанды жүрек төріне сақтап жүріӊіздер.

Сонда өздеріӊіз де, ұрпақтарыӊыз да мәӊгі қазақ болып қаласыздар.

Қазақ болу - мәртебе, мақтаныш, қазақ болу - жаратқанныӊ сыйы!

Осыны бәріміз де бағалай білейік!

Біз сіздерге тілекшіміз, әркез біргеміз.

Бәріӊізді ата-бабалар аруағы қолдасын!

Еліміз аман, іргеміз тыныш болсын!

Көк байрағымыз биікте желбіресін!

Қазақстанныӊ Мәӊгілік ел болуына бірлесе атсалысайық!

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны