18.06.2013, 10:03 2538

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Хасан Руханиге Иран Ислам Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Жеделхатта ел тұрғындарының сайлауға белсенді қатысуы және Х.Руханиге кең қолдау көрсетуі жаңа мемлекет басшысы ұсынған саяси және экономикалық бағдарламаларға сенім артуының айқын айғағы болып саналатыны атап өтілген.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Хасан Руханиге Иран Ислам Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жеделхатта ел тұрғындарының сайлауға белсенді қатысуы және Х.Руханиге кең қолдау көрсетуі жаңа мемлекет басшысы ұсынған саяси және экономикалық бағдарламаларға сенім артуының айқын айғағы болып саналатыны атап өтілген.

"Сіздің басшылығыңызбен Иран жаңа даму кезеңіне аяқ басады деген сенімдемін", - делінген құттықтауда.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Иран арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастар алдағы уақытта да екі ел халқының игілігі үшін жалғаса беретініне сенім білдірген.

"Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Сізге зор денсаулық, жаңа қызметіңізде табыс, ал достас Иран халқына бейбіт өмір және бақ-береке тілеймін", - делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны