09.08.2012, 18:04 2767

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың солтүстік облыстарында туристік саланы белсендірек дамытуды тапсырды - баспасөз баяны

"Туризм саласында бизнесті дамыту үшін үлкен резерв бар. Туризм - кез-келген ел үшін табыстың үлкен қайнаркөзі және экономикасының бөлігі", деді ол Ақмола облысында Бурабай курорт аумағында елдің солтүстік аймақтарын дамыту жөніндегі жиын барысында.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың солтүстік облыстарында туристік саланы белсендірек дамытуды тапсырды.

"Туризм саласында бизнесті дамыту үшін үлкен резерв бар. Туризм - кез-келген ел үшін табыстың үлкен қайнаркөзі және экономикасының бөлігі", деді ол Ақмола облысында Бурабай курорт аумағында елдің солтүстік аймақтарын дамыту жөніндегі жиын барысында.

Елбасы тапсырмаларының тезистерін президенттің баспасөз қызметі таратуда.

Оның хабарлауынша, мәселен, 2015 жылға қарай Ақмола облысында туристер саны 1,5 млн адамға жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында екі есеге, Павлодар облысында 1,6 есеге, Қостанай облысында үштен бір дерлік есеге артпақ.

"Алайда туристердің басым бөлігі тек Бурабайға ғана келеді. Бұл жергілікті экологиялық жүйеге біршама жүктеме түсіріп отыр".

Сол себепті Зеренді, Айыртау, Баянауыл аудандарының туристік әлеуетін дамыту керек, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны