27.06.2013, 12:48 2661

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шейх Тамим бен Хамад Ил Тәниге Катар Мемлекетінің Имірі қызметін иеленуіне байланысты жеделхат жолдады

Жеделхатта өз елі басшылығының жаңа буынының жарқын өкілі болып саналатын Тамим бен Хамад Ил Тәнидің білімі мен күш-жігерін елін жаңа жетістіктерге жеткізуге жұмсайтынына, сондай-ақ әкесінің сара жолын жалғастыратынына сенім білдірілген.

Астана. 27-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шейх Тамим бен Хамад Ил Тәниге Катар Мемлекетінің Имірі қызметін иеленуіне байланысты жеделхат жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жеделхатта өз елі басшылығының жаңа буынының жарқын өкілі болып саналатын Тамим бен Хамад Ил Тәнидің білімі мен күш-жігерін елін жаңа жетістіктерге жеткізуге жұмсайтынына, сондай-ақ әкесінің сара жолын жалғастыратынына сенім білдірілген.

"Қазақстан мен Катар арасындағы достық және әріптестік өзара қарым-қатынастар жоғары қарқынын жоғалтпай, болашақта да екі ел халықтарының игілігі жолында тереңдей түсетініне зор үмітпен қараймын", - делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы Катар Иміріне денсаулық және мемлекеттік қызметте табыс, ал достас Катар халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны