21.07.2015, 16:57 3264

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасыныӊ Президенті Реджеп Ердоғанға Суруч қаласында болған террорлық актіге байланысты көӊіл айту жеделхатын жолдады

Астана. 21 Шілде. Kazakhstan Today - Жеделхатта Мемлекет басшысыныӊ қайғылы оқиға салдарынан ондаған жазықсыз жанныӊ қаза тапқаны және жүзден астам адамныӊ жарақаттанғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті терроризмніӊ бүгінгі таӊда адамзатқа ортақ қауіп-қатерге айналып отырғанына да тоқталған. Нұрсұлтан Назарбаев террорлық әрекеттіӊ ұйымдастырушылары мен орындаушылары анықталып, қатаӊ жазаға тартылатынына сенімді екенін жеткізген. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхат соӊында Мемлекет басшысы бүкіл қазақстандықтардыӊ және жеке өзініӊ атынан қаза болғандардыӊ туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Түркия халқына көӊіл айтып, жараланғандардыӊ тез сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны