23.07.2013, 15:43 5188

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания королінің отбасына мұрагер ханзаданың өмірге келуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Жеделхатта Қазақстан Президенті жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия патшайымы Елизавета II-ні шөбересінің - Кембридж герцогі мен Кембридж герцогинясының тұңғыш нәрестесінің дүниеге келуімен құттықтаған.

Астана. 23-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания королінің отбасына мұрагер ханзаданың өмірге келуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жеделхатта Қазақстан Президенті жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия патшайымы Елизавета II-ні шөбересінің - Кембридж герцогі мен Кембридж герцогинясының тұңғыш нәрестесінің дүниеге келуімен құттықтаған.

"Король отбасындағы көптен күткен қуаныш Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия патшайымы Елизавета II-нің таққа отырғанына 60 жыл толуымен тұспа-тұс келуінде ерекше мән бар", - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы патшайымға және барша король отбасына зор денсаулық, ұзақ өмір, ал достас Ұлыбритания халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны