12.06.2012, 10:49 2587

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллден хат келді

Патриарх өз хатында Мемлекет басшысына Қазақстанға келген сапарында өзіне көрсетілген жылы шырайлы және қонақжай қабылдауы үшін өз ризашылығын білдірген. Патриарх Кирилл сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің республикамыздың рухани қажеттілігіне үнемі және жігерлі түрде көңіл бөліп отырғанының маңызы зор екенін атап өткен.

Астана. 12-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллден хат келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Патриарх өз хатында Мемлекет басшысына Қазақстанға келген сапарында өзіне көрсетілген жылы шырайлы және қонақжай қабылдауы үшін өз ризашылығын білдірген. Патриарх Кирилл сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің республикамыздың рухани қажеттілігіне үнемі және жігерлі түрде көңіл бөліп отырғанының маңызы зор екенін атап өткен.

"Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезінің ашылу салтанаты мен отырыстарына қуанышты көңіл-күймен қатыстым. Иңгімелесудің қалыптасқан форматы түрлі діни қауым өкілдері арасында өзара түсіністік ахуалын қалыптастыруға алда да мүмкіндік туғызатынына және нақты жемісін беретініне сенемін", - делінген хатта.

Сонымен қатар, Патриарх Қазақстан түрлі діни дәстүрлерді ұстанатын көптеген эностардың үйлесімді және бейбіт өмірінің үлгісі болып табылатынын атап көрсеткен.

Өз хатында Патриарх Кирилл Мемлекет басшысына зор денсаулық, игілік және табыстар, ал Қазақстан халқына - бейбітшілік пен өркендеу тілеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны