19.01.2018, 18:10 7120

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ төрағалығымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеӊесініӊ "Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары" атты отырысы өтті

Нұрсұлтан Назарбаев қаруды таратпау саласындағы сенімді нығайта түсуге бағытталған бірқатар шараларды ұсынды.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ төрағалығымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеӊесініӊ "Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары" атты отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Жиынды ашқан Мемлекет басшысы отырысқа қатысқаны үшін Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Бас хатшысы А.Гутерришке, Польша Республикасыныӊ Президенті А.Дудаға және БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесіне мүше басқа да елдердіӊ делегация басшыларына ризашылық білдірді.

- Мүмкіндікті пайдалана отырып, Президент Дуданы Польшаныӊ Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметініӊ басталуымен құттықтаймын. Сонымен бірге, Кот-д'Ивуар, Кувейт, Перу және Экваторлық Гвинеяны да биыл Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі болуымен құттықтаймын. Жаһандық ұйымныӊ осы маӊызды органы аясында ынтымақтастық пен ықпалдастық танытып, бірлесе жемісті жұмыс істейміз деп үміттенемін, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бекітілген күн тәртібіне сәйкес, сөзді БҰҰ-ныӊ Бас хатшысы А.Гутерришке берді.

А.Гутерриштіӊ баяндамасынан кейін Мемлекет басшысы Кеӊес мүшелеріне арнап мәлімдеме жасады.

- Біз Қазақстанныӊ Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі болып сайлануын және бүгінгі төрағалық қызметімізді әлемдік қоғамдастықтыӊ елімізге және оныӊ бейбітшіл саясатына деген сенімі деп білеміз. Бұл мәртебелі қызметтегі Орталық Азияныӊ бірінші мемлекеті бола отырып, біз Дүниежүзілік ұйымныӊ бұл маӊызды органындағы өӊір халықтарыныӊ "үніне" айналдық, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанныӊ БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесі жұмысына өткен жылғы қосқан үлесін атап өтті.

- Ауғанстан/"Талибан", ИЛИМ/ДАИШ, "әл-Каида" және Сомали/Эритрея жөніндегі комитеттерді басқара отырып, олардыӊ жемісті қызмет етуіне өз үлесімізді қосып келеміз. Кеӊестіӊ барлық мүше-мемлекеттеріне берік ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу жолындағы сенім шаралары шиеленістіӊ алдын алу және маӊызды жаһандық проблемаларды шешу кезінде негізгі рөл атқаратынын айтты.

- Мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясыныӊ 47-ші сессиясыныӊ мінберінен Азиядағы қауіпсіздік және сенім шаралары жөніндегі өӊірлік құрылым құру туралы ұсыныс айтқан болатынмын. Тынымсыз дипломатиялық жұмыстыӊ нәтижесінде бұл механизмді құруға қол жеткізілді. Бүгінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеӊесі өӊірдегі 26 мемлекетті біріктіріп, табысты жұмыс істеуде. Ширек ғасырдан кейін тағы да Біріккен Ұлттар Ұйымында Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанныӊ атынан сөз сөйлеп тұрмын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сенім шараларын күн тәртібінен түсірмеу қажеттігін айтып, бұған ықпал ететін бірнеше факторды атап өтті.

Қазақстан Президенті Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа негізделген қаруды таратпау режімін нығайту мәселесінде тереӊ ментальді өзгерістер мен көпжақты жаӊа саяси шешімдер қажет екенін айтты.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев қаруды таратпау саласындағы сенімді нығайта түсуге бағытталған бірқатар шараларды ұсынды.

Соӊында Мемлекет басшысы қақтығыстарды тиімді шешу үшін әлемдік ядролық державалар арасында өзара түсіністік пен өзара сенім орнатудыӊ маӊыздылығына назар аударды.

- Илемдік қоғамдастық - алуан түрлі және көп қырлы сипаты арқылы күшейе түскен біртұтас организм. Ол жер бетіндегі ұлттар мен халықтар арасында теӊгерім мен үйлесім болған кезде ғана алға басып, дами алады. Сол себепті, біз халықаралық құқық үстемдігіне негізделген қауіпсіз әлем мен әділетті әлемдік тәртіпке бірлесе қол жеткізуіміз керек. Бұл істе Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеӊесініӊ рөлі зор және оған тарихи миссия жүктелетіні де сөзсіз, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Кеӊес отырысы барысында Польша Президенті А.Дуда, Кувейт Премьер-Министрініӊ орынбасары - Сыртқы істер министрі Шейх Сабах Халед Ил-Сабах және Ресей Федерациясыныӊ Сыртқы істер министрі С.Лавров сөз сөйледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны