18.09.2017, 12:07 5170

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасында мемлекеттік сапармен болды

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасында мемлекеттік сапармен болды

Алматы. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today -Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасында мемлекеттік сапармен болып қайтты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Ташкент қаласына келді. Ел астанасыныӊ әуежайында Нұрсұлтан Назарбаевты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Сапар аясында екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған. Мемлекеттер басшылары келіссөздер аясында өӊірлік күн тәртібіндегі негізгі аспектілерді және Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасын нығайту мәселелерін талқылайды.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен бірге Өзбекстан халқыныӊ жалпыұлттық символы болып саналатын "Тәуелсіздік және гуманизм" монументіне гүл шоғын қойды.

Тәуелсіздік алаӊында орналасқан сәулет кешенінде Өзбекстан картасы бейнеленген қола глобус пен қолына сәбиін ұстаған ананыӊ мүсіні бар.

Композиция авторы - белгілі өзбек сәулетшісі Ильхом Жабборов.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен бірге Ташкент қаласыныӊ еӊ көрнекті орындарыныӊ бірі саналатын "Төле би кесенесі" сәулет кешініне барды.

Кесенеде қазақ тарихындағы әйгілі тұлғалардыӊ бірі Төле би жерленген. Бұл сәулет ескерткіші - қазіргі Ташкент аумағындағы еӊ көне ескерткіш. Кесене XV ғасырдыӊ бірінші жартысында салынған.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді. Онда мемлекеттер басшылары бауырлас елдер арасындағы өзара қарым-қатынастыӊ жаӊа кезеӊі басталғанын мәлімдеді.

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен бірге "Өзбекстан-Қазақстан: ынтымақтастықтыӊ жаӊа кезеӊі" атты өнеркәсіп көрмесін аралап көрді. Онда мемлекеттер басшылары қазақстандық тауар өндірушілердіӊ өнімдерімен танысты.

Көрмеде әскери-техника, авиация, фармацевтика, тоқыма өндірісі, құрылыс, сондай-ақ машина жасау, автомобиль құрастыру және ІТ салаларындағы қазақстандық 50-ден астам ірі компаниялардыӊ экспортқа арналған өнімдері қойылған.

Көрменіӊ негізгі мақсаты - екі мемлекеттіӊ компаниялары арасында орнықты байланыстар орнатуға көмектесіп, бірлескен сауда және инвестициялық жаӊа жобаларды іске асыруға қолдау көрсету.

Мемлекет басшысы Ислам Кәрімовтіӊ ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Өзбекстанныӊ тұӊғыш Президентіне арналып Ташкенттегі "Ақсарай" резиденциясыныӊ алдына қойылған монумент 2017 жылғы 31 тамызда ашылды.

Өзбекстан Президентініӊ резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі аяқталған соӊ екі ел көшбасшылары шағын және кеӊейтілген құрамда келіссөздер өткізді.

Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы ризашылығын білдіріп, барша Қазақстан халқына деген зор құрметін танытты.

- Осы жылды екі елдіӊ қарым-қатынасындағы тарихи жыл деп айтуға толық негіз бар. Мемлекеттеріміз арасында экономиканыӊ барлық саласы бойынша айтарлықтай ілгерілеушілік байқалуда. Бұл - біздіӊ алтыншы кездесуіміз. Ол бауырлас екі ел арасындағы достық ниетке негізделген, - деді Өзбекстан Президенті.

Шавкат Мирзиёев Қазақстанныӊ "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін және Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін жоғары деӊгейде өткізуі Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ биік беделініӊ арқасында жүзеге асырылғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті өзбек көшбасшысына сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық танытқаны үшін ризашылық білдіріп, екіжақты қарым-қатынастардыӊ қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ оны одан әрі кеӊейтудіӊ әлеуеті зор екенін айтты.

- Сіз аз уақыт ішінде екіжақты қарым-қатынасты табысты дамытуға зор үлес қостыӊыз. Осы кездесулеріміздіӊ арқасында көптеген түйткілді мәселелерді шеше алдық. Біздіӊ тіліміз, мәдениетіміз, дініміз ортақ. Сондықтан, бізде тығыз ынтымақтасудан басқа жол жоқ. Өзара іс-қимылымыз тиімді болу үшін нақты істерді қолға алып, бір-бірімізді қолдауымыз қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанныӊ өӊірде маӊызды рөл атқаратынына ерекше тоқталып, Шавкат Мирзиёевтіӊ екі елдіӊ іскерлік ынтымақтастығын жандандыруға айрықша үлес қосқанын атап өтті.

- Сіз Президент лауазымындағы бір жыл ішінде көп жұмыс атқардыӊыз. Сіздіӊ валюталық реттеу, шекараны ашу, бизнесті дамыту үшін жағдай жасау жөнінде қабылдаған шешімдеріӊізді тарихи шешімдер деп атауға болады. Біздіӊ іскерлік қарым-қатынастарымыз өзара тиімді жағдайларға негізделуге тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, әскери-өнеркәсіп және мәдени-гуманитарлық салаларындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері үшін өткізген брифингте Нұрсұлтан Назарбаев жоғары деӊгейдегі тұрақты кездесулер игі дәстүрге айналғанына тоқталып, Өзбекстанға жасаған осы сапарын тарихи сапар деп атады.

- Аз ғана мерзімде осымен алтыншы рет жүздесіп отырмыз. Бұл - біздіӊ стратегиялық серіктестігіміздіӊ, екіжақты қарым-қатынастардыӊ қарқынды дамуыныӊ жарқын мысалы, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен жасалған уағдаластықтардыӊ қорытындылары бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты, соныӊ ішінде көлік саласындағы байланыстарды нығайтуға қатысты қол жеткізілген нәтижелерге назар аударды.

- Қазірдіӊ өзінде уағдаластықтарымыздыӊ нақты нәтижелері көріне бастады. Мәселен, аптасына екі рет Алматы мен Ташкент арасында "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы қатынайды. Біздіӊ ұлттық әуе тасымалымен айналысатын компанияларымыз екі елдіӊ астаналары арасында қосымша рейстер ашты, алдағы уақытта басқа да қалаларымыз арасында әуе қатынасы орнайды. Тұрақты автобус қатынасы бар. Ірі мемлекетаралық автожолды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. М-39 автодәлізінде екі өткізу пункті ашылды. Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығыныӊ аясында автомобиль құрастыру жөніндегі жоба жүзеге асырылды, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев кеӊ ауқымды бағыттар бойынша екіжақты қатынастарды жандандыру өзара тауар айналымына оӊ ықпал еткенін атап өтті.

- Өзбекстанныӊ импортталатын тауарлардыӊ кейбір түріне акцизді төмендету туралы шешімі сауда ынтымақтастығын жандандыру жолында жасалған оӊ қадам болды. Нәтижесінде биылғы 7 айдыӊ ішінде екіжақты сауда 35 пайызға өсті. Бұл - өте жақсы нәтиже. 2020 жылға қарай тауар айналымын 5 миллиард долларға жеткізу міндеті қойылды. Осыған орай, Үкіметтерімізге өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыру және пайдаланылмаған барлық резервті жұмылдыру жөнінде тапсырма берілді, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сондай-ақ энергетика саласындағы инвестициялық серіктестік пен ынтымақтастықты кеӊейту қажеттігіне назар аударды.

- Орта мерзімдегі перспективада бірлескен 2-3 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға уағдаластық. Елдеріміздіӊ газ саласындағы ынтымақтастығы тиімді дамып келеді. Үкіметтерімізге екі жақтыӊ мүддесіне сәйкес жаӊа газ жобаларын әзірлеу тапсырылды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы брифинг барысында екі ел арасындағы байланыстарды кеӊейтуге септігін тигізетін Өӊіраралық ынтымақтастық форумын тұрақты түрде өткізудіӊ маӊыздылығын да атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев ғарыш индустриясын дамыту бағытында бірлесе жұмыс жүргізіп, осы салада өзара тиімді байланыстар орнату қажеттігін айтты.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Өзбекстан Президентімен су мәселесін кеӊінен талқылағанын атап өтті.

- Бұл мәселе бүкіл Орталық Азия өӊірініӊ одан әрі дамуы үшін айрықша маӊызға ие. Орталық Азияныӊ трансшекаралық су ресурстары өӊірдегі барлық халықтардыӊ ортақ мұрасы мен игілігі болып саналатынын атап өткен жөн, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен Арал теӊізініӊ жағдайына қатысты келіссөзініӊ қорытындысы туралы айтты.

- Келесі жылы Халықаралық Аралды құтқару қорыныӊ құрылғанына 25 жыл толады. Қазір ол Арал мәселесі жөніндегі бірден-бір мемлекетаралық тетік болып отыр. Осыған орай біз Қордыӊ жұмысын жандандыру қажеттігі жөніндегі ұстанымдарымыз ортақ екенін растадық. Атап айтқанда, біз 2018 жылы жоғары деӊгейде кездесу өткізіп, әріптестерімізбен бірге баршамызға ортақ осы мәселені шешудіӊ өзара тиімді жолдарын талқылауға ниетті екенімізді білдірдік, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздер барысында өӊірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге ерекше назар аударылғанына тоқталып, көптеген халықаралық оқиғаларға қатысты Қазақстан мен Өзбекстанныӊ ұстанымы ұқсас екенін атап өтті.

- Біз көпжақты форматта, соныӊ ішінде Қазақстанныӊ БҰҰ-ныӊ Қауіпсіздік Кеӊесіндегі мүшелігі аясында өзара іс-қимыл жасау мәселелерін қарастырдық. Ауғанстандағы жағдайға байланысты, өӊірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты пікір алмастық. Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі Астана саммитініӊ қорытындыларын, сондай-ақ Ташкенттіӊ Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ осындай саммитін Өзбекстанда өткізу туралы бастамасын талқыладық, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудыӊ маӊызды екенін айтты.

- Біздіӊ тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз достық қарым-қатынастарымыздыӊ маӊызды факторы болып саналады. Біз 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылын өткізуге келістік. Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу де күн тәртібінде тұр. Осы бастамалар аясында өткізілетін түрлі іс-шаралар бауырлас халықтарымыздыӊ жақындастығын одан әрі тереӊдетуге септігін тигізеді, - Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сапар қорытындыларын жоғары бағалап, оныӊ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дәстүрлі тату көршілік, достық және сенімге негізделген байланыстар мен серіктестікті одан әрі нығайтуға серпін беретініне сенім білдірді.

- Қазақстан мен Өзбекстан көшбасшыларыныӊ бірлескен мәлімдемесін қабылдадық. Үкіметтеріміз Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды, - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Қазақстан делегациясыныӊ және жеке өзініӊ атынан өзбек халқыныӊ өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдіріп, барлық бастамаларына табыс тіледі, сондай-ақ екіжақты және көпжақты қарым-қатынастарға қолдау білдіретінін айтты.

Өзбекстан Президенті Қазақстан Президентіне ниеттестігі үшін алғыс айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ ұлтаралық және өӊіраралық қақтығыстарды шешудегі бітімгершілік рөлін ерекше атап өтті.

- Сіздіӊ "Ғасырлар тоғысында" атты кітабыӊыз өзбек тіліне аударылды. Мен Сізге сол кітапты ыстық ықыласпен көрсеткім келеді, - деді Шавкат Мирзиёев.

Өзбекстан көшбасшысы бұл кітапты 1996 жылы Жизақ облысыныӊ хокимі болып тұрғанда оқығанын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ кітабынан үзінді келтірді.

- "Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еӊсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды. Мен өз халқымды сүйемін. Оныӊ мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын. Бейбіт тәсілдерге ғана жүгініп, шиеленіс пен кикілжіӊніӊ ережелеріне мойын ұсынғым келмейтіндігі де сондықтан", - деп Өзбекстан басшысы кітаптан үзінді оқыды.

Сондай-ақ, Шавкат Мирзиёев бұл кітаптыӊ Өзбекстанныӊ Мемлекеттік басқару академиясында оқу үдерісі барысында пайдаланылатынын атап өтті.

- Біз үшін Астана - Қазақстан Президентімен байланысты ұғым. Астана - Сіздіӊ Отаныӊызға деген сүйіспеншілігіӊіздіӊ көрсеткіші. Мен Сізді мақтан тұтамын. Кеше мен Жарлыққа қол қойдым. Соныӊ мәтінін оқып беруге рұқсат етіӊіз.

"Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев - әлемдік деӊгейдегі көрнекті мемлекет және саяси қайраткер, тәуелсіз Қазақстан Республикасыныӊ негізін қалаушы. Ұлт Көшбасшысыныӊ дана басшылығымен Қазақстан әлемдік қоғамдастықта лайықты орынға ие болды, бүгінде нарықтық экономикасы қуатты әрі азаматтық қоғамы ашық қарқынды дамыған демократиялық мемлекет болып саналады. Қазақстан Президенті біздіӊ тәуелсіз мемлекеттеріміздіӊ тату көршілік пен өзара түсіністік қарым-қатынастарын қалыптастырудыӊ бастауында болды. Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ зор үлесініӊ арқасында бауырлас өзбек және қазақ халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықтыӊ берік көпірі орнықты. Осы негізде қазіргі уақытта елдеріміздіӊ өзара тиімді және жемісті байланыстары нығайып келеді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестікті нығайтып, оны кеӊейтуге, сондай-ақ бейбітшілік пен даму жолындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев "Ел юрт хурматы" ("Ел-жұрт құрметі") орденімен марапатталсын", - деді Өзбекстан Президенті.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевке және барша өзбек халқына аса маӊызды марапат үшін шын жүректен алғыс білдірді.

- Мен шет елдердіӊ де, еліміздіӊ де көптеген марапатына ие болдым, алайда бұл марапаттыӊ орны ерекше. Өйткені, көрші мемлекеттіӊ жоғары бағасына ие болу - зор мәртебе. Мен үшін бұл тосын сыйлық. Біз әрдайым өзбек халқымен қуанышты да, қайғыны да бірге бөлісетінімізді атап өткім келеді. Тек осылай ғана біз тәуелсіздігімізді сақтап қала аламыз. Бүгін күн тәртібінде тұрған барлық мәселе шешілді, жаӊа міндеттер қойылды. Өзбек халқына және Шавкат Мирзиёевке тағы да ризашылығымды білдіремін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Брифингті қорытындылаған Өзбекстан Президенті Қазақстан Президентіне табыс етілген марапат өзбек халқыныӊ және жеке өзініӊ Нұрсұлтан Назарбаевқа деген шынайы ниеті екенін атап өтті.

***

Мемлекет басшысыныӊ Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен "Узбекистонтемирйуллари" акционерлік қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасы Қызылорда облысыныӊ әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Навои облысыныӊ хокимияты арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Ташкент облысыныӊ хокимияты арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Сырдария облысыныӊ хокимияты арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара түсіністік туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті арасындағы контрабандамен және кеден заӊнамаларыныӊ бұзылуымен күрес жүргізудегі ынтымақтастық туралы келісім;

6. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық туралы келісім;

7. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтыӊ бірқатар мәселелері туралы негіздемелік келісім;

8. Су қатынастары саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жол картасы;

9. Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасыныӊ өткізу пунктері мен автомобиль жолдарын қайта жөндеу және жаӊғырту, сондай-ақ тиісті аумақты абаттандыру жөніндегі жол картасы;

10. Қазақстан Республикасы Президенті мен Өзбекстан Республикасы Президентініӊ бірлескен мәлімдемесі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны