15.12.2016, 18:07 4657

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Иӊгіме барысында Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығымен құттықтап, халқымыздыӊ одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Иӊгіме барысында Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығымен құттықтап, халқымыздыӊ одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтады.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастыӊ қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын жандандырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны