17.07.2018, 22:26 3990

Қазақстан Президенті Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

Сапар барысында Елбасыныӊ бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын аралауы, сондай-ақ Павлодар облысыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына, "Рухани жаӊғыру" мемлекеттік бағдарламасыныӊ және "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасыныӊ" жүзеге асырылу мәселелеріне арналған кеӊеске қатысуы жоспарланған.

Астана. 18 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Павлодар қаласына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Елбасыныӊ бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын аралауы, сондай-ақ Павлодар облысыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына, "Рухани жаӊғыру" мемлекеттік бағдарламасыныӊ және "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасыныӊ" жүзеге асырылу мәселелеріне арналған кеӊеске қатысуы жоспарланған.

Мемлекет басшысы "GiessenHaus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды.

Қазақстан Президенті балқытылған алюминий және жеӊіл қорытылатын автомобиль дискілерін өндірудіӊ технологиялық үдерісімен танысты.

Мемлекет басшысына "Павлодар" еркін экономикалық аймағында жүзеге асырылып жатқан индустриялық жобалар жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа дайын өнім үлгілері, атап айтқанда, жылыту радиаторлары, автомобильдердіӊ қосалқы бөлшектері, темір жол вагондарыныӊ дөӊгелектері көрсетілді.

Нұрсұлтан Назарбаев "Казэнергокабель" акционерлік қоғамына барды.

Мемлекет басшысы тоқ өткізетін кабель жасау технологиясымен және кәсіпорынныӊ даму перспективасымен танысты.

Қазақстан Президентіне ішкі және шетелдік нарыққа шығарылатын дайын өнім үлгілері де көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны