30.09.2016, 09:01 6777

Қазақстан Президенті Павлодар облысында жұмыс сапарымен болды

Қазақстан Президенті Павлодар облысына жұмыс сапары аясында жұртшылық өкілдерімен кездесті. Оған еӊбек сіӊірген ардагерлер, өндірістік кәсіпорындардыӊ жұмысшылары, аграрлық сала өкілдері, жастар көшбасшылары, спортшылар, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктер жетекшілері қатысты.

Астана.30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Павлодар облысында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент алдымен жергілікті "Арго" ЖШС-ніӊ ауыл шаруашылығы кешеніне барды.

Мемлекет басшысына кәсіпорынныӊ өндірістік қуаты, жұмысыныӊ негізгі бағыттары туралы баяндалды. Сондай-ақ, Елбасы өӊірде өсірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралап, облыстыӊ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесті. Олар орақ науқаныныӊ барысы мен аграрлық саланыӊ даму қарқыны жөнінде әӊгімеледі.

Жиналғандарға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми-зерттеу институттарыныӊ әлеуетін өӊірдіӊ агроөнеркәсіп кешенініӊ өнімділігін арттыру үшін пайдалану қажеттігін айтты.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Қытайға таяудағы сапары барысында сол елге экспортталатын дәнді және майлы дақылдар мөлшерін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін келісімге қол жеткізілгенін ерекше атап өтті.

Облыстағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарыныӊ өкілдері Мемлекет басшысына елдіӊ ауыл шаруашылығы саласына қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы "Сарыарқа" шағын ауданы мен Балалар техникалық мектебінде болды.

Елбасына шағын аудандағы көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысыныӊ барысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу қарқыны туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев екі балабақша мен әлеуметтік-мәдени бағыттағы нысандар құрылысына арналған нақтылы жобамен танысты. Сондай-ақ, жолдар мен инженерлік коммуникацияны қайта жөндеу, жасыл көшет отырғызу, тұрғын-үйлердіӊ ауласын балаларға арналған алаӊмен жабдықтау арқылы абаттандыру қарастырылуда.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті жаӊа "Сарыарқа" шағын ауданында орналасқан Балалар техникалық мектебін аралап көрді. Онда оқушылар робот жасау, радиоэлектроника, ұшақ және кеме модельдеу негіздері жөнінде білім алып, жаратылыстану мен гуманитарлық пәндер бойынша бірқатар мектеп бағдарламасын тереӊдетіп оқи алады.

Нұрсұлтан Назарбаев "Павлодар мемлекеттік университетініӊ Стартап академиясы" ЖШС-да болды.

Мемлекет басшысына студенттердіӊ іске асырылған, қазір өнім бере бастаған бизнес жобалары туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Елбасыға Павлодар мемлекеттік университетініӊ оқу үдерісіне "кәсіпкерлік арқылы оқыту" жөніндегі жаӊа қағидаттыӊ енгізіліп жатқаны жөнінде айтылды. Оныӊ аясында оқу орныныӊ барлық студенті кәсіпкерлік пен көшбасшылық курстарынан өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаев студенттер ұсынған бизнес жобалардыӊ әлеуетініӊ жоғарылығы мен жасампаздығын атап өтті.

- Қазіргі уақытта мемлекет бизнестіӊ дамуы үшін барлық қажетті жағдайды жасап отыр. Илемніӊ көптеген елінде жастардыӊ студенттік кезеӊде өзініӊ стартап-жобаларын бастап, жоғары оқу орнын бітіргенде бірталай жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін тәжірибелер бар. Мұндай жағдайлар еліміздіӊ өзге өӊірлерініӊ жоғары оқу орындарыныӊ студенттері үшін де жасалуға тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

Студенттер мен оқытушылар Елбасыға зор денсаулық тілеп, жас ұрпақты жетілдіру мәселесіне деген қамқор көзқарасы, жанашырлығы үшін алғыс білдірді.

Халықаралық Стартап академиясы 2030 жылға дейінгі өӊірді дамыту стратегиясына сәйкес С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетініӊ базасында ашылған. Білім беру мекемесініӊ қызметі студенттік және оқытушылық кәсіпкерлікті ынталандыруға, сондай-ақ ғылыми және зерттеушілік жобаларды коммерцияландыруға бағытталған. Қазіргі уақытта академия таяу және алыс шет елдердегі бизнес өкілдерімен іскерлік байланысты жолға қойды.

Елбасы Ертіс өзеніндегі көпір өткелініӊ құрылысымен танысты.

Мемлекет басшысына ауқымды нысанныӊ құрылысыныӊ барысы туралы баяндалды. Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан "Орталық-Шығыс" автожол құрылысы жобасыныӊ бір бөлігі болып саналады.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл жобаны іске асыруға жұмылдырылған құрылысшылармен және жұмысшылармен кездесті. Иӊгімелесу барысында ол "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан облыстыӊ көлік инфрақұрылымын жақсартып, инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қажетті барлық жағдайлар жасала беретінін айтты.

Жол-құрылыс кәсіпорындары өкілдері елдіӊ инфрақұрылымдық жаӊғыртылуына арналған мемлекеттік бағдарламалардыӊ іске асырылып жатқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

Бұл Орталық Азиядағы еӊ ұзын көпір өткелі болып саналады. Құрылыс барысында мердігерлік жұмыстарға өӊірдіӊ шағын және орта бизнес субъектілері тартылуда. 400-ден астам жұмыс орны ашылды. Көпір өткелін пайдалануға беру Павлодар қаласыныӊ жол-көше торабыныӊ жүгін жеӊілдетіп, көлік-транзит ағынын оӊтайландыруға септігін тигізеді.

Мемлекет басшысы Павлодар облысыныӊ жұртшылығымен кездесті.

Қазақстан Президенті Павлодар облысына жұмыс сапары аясында жұртшылық өкілдерімен кездесті. Оған еӊбек сіӊірген ардагерлер, өндірістік кәсіпорындардыӊ жұмысшылары, аграрлық сала өкілдері, жастар көшбасшылары, спортшылар, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктер жетекшілері қатысты.

Елбасы тәуелсіздік жылдарында дамудыӊ орнықты экономикалық моделі жасалғанын атап өтті.

- Нарықтық экономика үшін дамудыӊ жаӊа "локомотивіне" айналған мықты кәсіпкерлер табы пайда болды. Бүгінде елімізде 1 миллион 260 мыӊнан астам шағын және орта бизнес кәсіпорындары бар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы елдіӊ әлеуметтік саладағы жетістіктерініӊ де маӊыздылығын атап өтті.

- БҰҰ-ныӊ даму бағдарламасыныӊ рейтингіне сәйкес, Қазақстан әлемде 55-орын иеленіп, адами даму деӊгейі жоғары мемлекеттер тобына енді, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Елбасы Қазақстан экономикасыныӊ "индустриялық-өнеркәсіптік тірегіне" айналған өӊірдіӊ елеулі даму нәтижелеріне назар аударды.

- Өӊірдіӊ одан әрі дамуыныӊ іргелі индустриялық базасын құраған ауқымды жобалар жемісті жүзеге асырылды. Атап айтқанда, қуаттылығы жылына 250 мыӊ тонна болатын, бастапқы алюминий өндірілетін электролиз зауыты салынды, ол Қазақстанды түсті металлургиядан жетекші елдер қатарына қосты. Бұл маӊызды жобаныӊ дамуы барысында "Қазэнергокабель" акционерлік қоғамында алюминий сымдарыныӊ өндірісі іске қосылды. Тағы бір маӊызды нысан - қуаттылығы жылына 30 мыӊ тонна болатын хлор мен күйдіргіш сода шығару жөніндегі "Каустик" акционерлік қоғамыныӊ зауыты, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Іс-шара барысында телекөпір өтті. Оныӊ аясында Бозшакөл тау-кен байыту комбинатын кеӊейту мақсатымен кенді қайта өӊдейтін және мыс концентратын шығаратын жаӊа фабрика ресми түрде іске қосылды.

Қазақстан Президенті жиналғандарды осы тарихи жаӊалықпен құттықтап, жаӊа өндірістіӊ іске қосылуы Павлодар облысыныӊ индустриялық-инновациялық әлеуеті жоғары екенін көрсететінін атап өтті.

- Жаӊа кәсіпорын Бозшакөл тау-кен байыту комбинатыныӊ кенді қайта өӊдеу қуатын 30 млн тоннаға, мыс концентратын өндіру көлемін 100 мыӊ тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы облыстыӊ энергетика саласында да көш бастап тұрғанын айтты.

- Тәуелсіздік жылдары оған 600 млрд теӊге инвестиция салынды, 2300 мегаваттан астам жаӊа қуат көзі іске қосылды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті облыстыӊ көлік инфрақұрылымы жақсарғанын атап өтті.

- Ақсу - Курчатов теміржол тармағы іске қосылды, Омбы қаласына дейінгі халықаралық автодәліз қайта жаӊартылды. Қазіргі таӊда "Нұрлы жол" бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Оныӊ аясында Ертіс өзені үстінен көпір өткелі салынуда. Астана - Павлодар бағытында салынып жатқан автобанныӊ құрылысы жоспар бойынша 2017 жылы аяқталады, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік салада жүйелі жұмыс жүргізіліп отырғанын айтты.

- Облыстыӊ тұрғын үй қоры 25 жылда 1,7 млн шаршы метр тұрғын үйге дейін көбейді. Былтырғы жылдыӊ өзінде денсаулық сақтау саласын дамытуға 35 млрд теӊге бөлінді. Бұл Тәуелсіздігіміздіӊ алғашқы жылындағыдан 100 есе көп. Өӊірдегі білім беру саласындағы көрсеткіштер де жақсы. Облыста апатты жағдайда тұрған және үш ауысыммен оқытатын мектептер жоқ, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы тұрақсыздық пен қарқынды технологиялық өзгерістер жағдайында елімізді одан әрі дамыту үшін төтенше шаралар қабылдау қажет екеніне назар аударды. Еӊ бірінші кезектегі маӊызды міндет - Қазақстан экономикасын дамудыӊ индустриялық-инновациялық жолына көшіру.

Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық өсімді, халықтыӊ тұрмыс деӊгейін көтеру үшін мемлекет тарапынан қажетті барлық жағдайлар жасала беретінін айтты.

Жұртшылық өкілдері Мемлекет басшысына өӊірді дамыту мәселелеріне ұдайы көӊіл бөліп, тиімді мемлекеттік саясат жүргізіп отырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Соӊында Қазақстан Президенті облыстыӊ тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістігіне өӊір тұрғындарыныӊ ерен еӊбегі арқасында қол жеткізілгенін айтып, павлодарлықтарға зор денсаулық, амандық және береке-бірлік тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны