14.07.2008, 19:26 2970

Қазақстан президенті Пекин Олимпиадасына барады

Қазақстан президенті Пекин Олимпиадасына барады

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пекин Олимпиадасына барады. Бұл туралы президент бүгін Қазақстанның олимпиадалық құрамасының спортшыларымен кездесуде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Сіздерге оңай болмайтынын, бәсекенің үлкен болатынын біз білеміз. Бірақ біз сіздерге сенеміз", -деді мемлекет басшысы. "Сол себепті мен сіздермен бірге осы Олимпиада ойындарына барамын", - деді ол.

Пекиндегі XXIX жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 8 мен 24 аралығында өтеді, онда 41 спорт түрі бойынша 302 медаль кешені сарапқа салынады. Бұл ойындарға әлемнің 203 елінен 10,5 мыңнан астам спортшы қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны