20.12.2006, 11:08 3083

Қазақстан президенті Пекиндегі көрме орталығында болды

АСТАНА. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан президенті осы елдің астанасындағы көрме орталығында және Пекин қаласын жоспарлау жөніндегі көрме орталығында болды. Мұражайда Нұрсұлтан Назарбаев "Көне Пекин" атты экспозициямен танысты.


Көрме орталығында "1949-жылғы Пекин" атты қола карта, қазіргі заманғы Пекинді дамыту жөніндегі бас жоспар, 2008-жылғы жазғы Олимпиада ойындарына орай салынатын нысандардың макеттері, жаңа әуежайдың жобалары, "Қаланың транспорттық инфрақұрылымы" және "Жаңа Пекин" атты экспозициялар қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны