06.09.2017, 19:15 4515

Қазақстан Президенті Польша Республикасыныӊ Президенті Анджей Дудамен кеӊейтілген құрамда кездесу өткізді

Кездесу барысында Мемлекет басшысы былтыр Варшаваға жасаған сапарыныӊ нәтижелерін атап өтті. Онда Қазақстан-Польша бизнес-форумы аясында құны 1 миллиард долларға жуық 15 коммерциялық құжатқа қол қойылып, Қазақстан мен Польша арасында тікелей әуе қатынасын орнату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Польша Республикасыныӊ Президенті Анджей Дудамен кеӊейтілген құрамда кездесу өткізді, - деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы былтыр Варшаваға жасаған сапарыныӊ нәтижелерін атап өтті. Онда Қазақстан-Польша бизнес-форумы аясында құны 1 миллиард долларға жуық 15 коммерциялық құжатқа қол қойылып, Қазақстан мен Польша арасында тікелей әуе қатынасын орнату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдыӊ өзінде Қазақстанда поляк капиталыныӊ қатысуымен 10 кәсіпорын іске қосылып, 100 миллион долларға жуық инвестиция салынғанын айтты.

- Биыл Польша экономикасы Қазақстан экономикасы сияқты 4%-ға дейін өсуі мүмкін. Бұл өсім бізге болашаққа зор үмітпен қарауға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Польшаныӊ трансформациялану жолдары ұқсас. Нәтижесінде, халықтарымыздыӊ әл-ауқаты артып отыр, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда бизнесмендер мен инвесторлар үшін жасалып жатқан жағдайларға назар аударып, сауда-экономикалық саладағы кооперацияны одан әрі кеӊейтудіӊ маӊыздылығын ерекше атап өтті.

- Халықаралық ұйымдар Қазақстандағы инвестициялық климат еӊ қолайлы деп санайды. Қазір бізде шетелдік инвесторлармен жұмыс істейтін "Қазақ Инвест" компаниясы құрылды. Сондай-ақ, "ЭКСПО" көрмесі аяқталған соӊ "Астана" халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастайды. Онда ағылшын құқығы қолданылатын болады. Илемдік қаржы институттарыныӊ барлығы дерлік "Астана" халықаралық қаржы орталығымен жұмыс істеуге келісім беріп отыр, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстан Польша үшін өӊірдегі басты сауда серіктесі әрі Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері нарығына шығатын сенімді плацдарм болып саналатынын айтты.

Анджей Дуда Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ былтырғы Польшаға жасаған сапары екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты жақсартуға серпін бергенін атап өтті.

- Біз бірлесе күш жұмылдыруымыздыӊ арқасында тауар айналымыныӊ жоғары деӊгейіне қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Сондай-ақ, "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысып, Польша мен Қазақстан павильондарын көруге мүмкіндік жасалғаны үшін ризашылық білдіремін. Бұл көрме жаӊартылатын энергия көздеріне және шикізаттыӊ дәстүрлі көздерін қоршаған орта үшін қауіпсіз қолдануға байланысты заманауи технологияларды көрсетуге мол мүмкіндік береді, - деді Польша Президенті.

Кездесу соӊында мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері үшін бірлескен брифинг өткізді. Қазақстан Президенті журналистер алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан мен Польша арасындағы өзара қарым-қатынас 25 жыл ішінде дипломатиялық байланыстар орнаған сәттен бері дамып келе жатқанын атап өтті.

- Біздіӊ елде Польша капиталыныӊ қатысуымен 115 кәсіпорын жұмыс істеуде, 200 миллион доллардан астам тікелей инвестиция салынды. Машина жасау, ауыл шаруашылығы, энергетика, химия, көлік, құрылыс салаларыныӊ перспективасы зор, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Азия мен Еуропа арасында жүкті жедел жеткізу үшін заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған жобаларды бірлесе іске асыруға дайын екенімізді білдірді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ ғылым мен білім беру және мәдени-гуманитарлық салаларында екі ел арасындағы байланыстарды дамыту мәселелеріне тоқталды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Полша Президентіне Қазақстан Республикасыныӊ Еуропалық одақпен кеӊейтілген серіктестігі және ынтымақтастығы жөніндегі келісімді ратификациялағаны үшін алғыс айтып, Польшаныӊ 2018-2019 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ мүшелігі кезеӊінде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу үшін бірлесе жұмыс атқарудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Польша Президенті екі елдіӊ бірлескен іс-қимылы экономикалық қарым-қатынастарды ілгерілетіп, оны жаӊа деӊгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенімді екенін айтты.

- Біз Қазақстан-Польша қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталған жолмен жүріп келеміз. Мен Қазақстан Президентіне Польшаныӊ кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшелігіне сайлануға қолдау білдіргені үшін алғыс айтамын. Біз осы ұйымдағы жұмысымызда Қазақстанныӊ тәжірибесін пайдаланатын боламыз. БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесіндегі Қазақстанныӊ рөлі аса маӊызды. Исіресе, елдеріӊіздіӊ Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеу жөніндегі тиімді миссиясын ерекше атап өткім келеді, - деді А.Дуда.

***

Польша Президентініӊ Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

- "Жасыл көпір" әріптестік бағдарламасы туралы хартия;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Польша Республикасы Даму және қаржы министрлігі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісім.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны