08.03.2018, 18:43 5789

Қазақстан Президенті Ресейдіӊ "Первый канал" телеарнасына сұхбат берді

Мемлекет басшысы ресейлік телеарна тілшісімен әӊгімелесу кезінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудыӊ негізгі аспектілері жөнінде айтты

Астана. 8 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы ресейлік телеарна тілшісімен әӊгімелесу кезінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудыӊ негізгі аспектілері жөнінде айтты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев "Бір белдеу, бір жол" бағдарламасыныӊ іске асырылу нәтижелеріне және перспективаларына тоқталып, Қазақстанныӊ сыртқы саяси қызметініӊ негізгі мәселелеріне қатысты сауалдарға жауап берді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасы" атты үндеуініӊ мәнін түсіндіріп, оны сапалы түрде орындаудыӊ маӊызды екенін айтты.

- Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру барысында мұғалімдердіӊ жалақылары да өсетін болады. Қазір біз мектептерде білім берудіӊ жаӊа мазмұнына көштік, бұл мұғалімдердіӊ жалақысын 30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, орта білім беру жүйесінде біліктілік санаттары көзделген. Санаты көтерілген мұғалімдердіӊ жалақысы қосымша 50 пайызға көбейетін болады, - деді Қазақстан Президенті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны