03.06.2013, 14:05 3081

Қазақстан Президенті ресми сапармен Өзбекстанға барады

Оның айтуынша, бүгін Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан үкіметаралық комиссиясының 13-інші отырысы ашылады. Отырыста Қазақстан тарапынан тең төраға ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев болады. Ал Өзбекстан тарапынан тең төраға Бірінші вице-премьер - қаржы министрі Рустам Азимов болады.

Астана. 3-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Өзбекстанға барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгін Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан үкіметаралық комиссиясының 13-інші отырысы ашылады. Отырыста Қазақстан тарапынан тең төраға ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев болады. Ал Өзбекстан тарапынан тең төраға Бірінші вице-премьер - қаржы министрі Рустам Азимов болады.

"Отырыста Қазақстан-Өзбекстан экономикалық әріптестік мәселелері талқыланады. Бұл шара Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімовтің шақыруымен біздің Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға ресми сапары қарсаңында өткізіліп отыр", - деп атап өтті А. Ибибуллаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны