24.01.2017, 21:01 4558

Қазақстан Президенті Республикалық бюджеттіӊ орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ төрағасы Қозы-Көрпеш Жаӊбыршинді қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соӊында бірқатар нақты тапсырма берді.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Республикалық бюджеттіӊ орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ төрағасы Қозы-Көрпеш Жаӊбыршинді қабылдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына Қ.Жаӊбыршин Есеп комитетініӊ 2016 жылғы жұмысыныӊ негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы кезеӊге арналған міндеттері туралы баяндады.

Бұдан бөлек, Есеп комитет төрағасы Қазақстан Президентін "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" заӊныӊ іске асырылуы жолында қабылданып жатқан шаралар жөнінде хабардар етті.

Сонымен бірге, Қ.Жаӊбыршин Есеп комитетіндегі және мемлекеттік аудит нысандарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралары жөнінде мәлімдеді.

Соӊында Есеп комитетініӊ төрағасы Мемлекеттік аудитор біліктілігін алудан үміткерлерді сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияныӊ 2016 жылғы атқарған жұмысы туралы айтып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соӊында бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны