07.05.2008, 13:51 1387

Қазақстан президенті республиканың күш құрылымдарының өкілдеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берді

Қазақстан президенті республиканың күш құрылымдарының өкілдеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берді

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күніне орай Астанадағы Ақордада Елбасы, ҚР Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев республиканың күш құрылымдарының өкілдеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берді, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Атап айтсақ, ҰҚК Шекара қызметінің бас барлау басқармасының бастығы Болат Қырғызбаевқа, ІІМ ішкі әскерлер комитеті төрағасының орынбасары Владимир Козакқа, төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петровқа, президенттің күзет қызметі бастығының орынбасары Ануар Садықұловқа, "Астана" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы басқармасының штаб бастығы Василий Рысбаевқа және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы басқармасының штаб бастығына генерал-майор әскери атағы берілді.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстық ІІД төрағалары Арман Жалмаханбетов пен Қанат Түксейітов полицияның генерал-майоры арнаулы атағына ие болды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Мейрам Аюбаев әділет генерал-майоры арнаулы атағына лайық деп танылды.

Мемлекеттік әділет кеңесшісі 3-ші сыныптық шенін ҚР бас прокурорының бірінші орынбасары Иоганн Меркель мен Маңғыстау облысының прокуроры Асқар Дүйсекенов тағынды.

"Мен сіздерді осынау жоғары әскери атақтарыңызбен шын жүректен құттықтаймын, сіздер оған лайықсыздар. Сіздердің еңбектеріңіздің бағасы берілетін күн бүгін", -деді Н.Назарбаев республиканың күш құрылымдарының өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде. "Еліміз тәуелсіздік алған жылдардың ішінде сіздер отанымыздың біртұтастығы мен азаматтардың құқығын лайықты қорғадыңыздар", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны