07.05.2007, 15:19 3074

Қазақстан президенті республиканың күш құрылымдарының жетекшілеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берді

АСТАНА. 7-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күніне орай Астанадағы Ақордада Елбасы, ҚР Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев республиканың күш құрылымдарының жетекшілеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендерді салтанатты жағдайда беріп, еліміздің бірқатар әскери қызметшілерін марапаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтсақ, қорғаныс вице-министрі Болат Жаңасаев пен ТМД-ға қатысушы елдердің антитеррорлық орталығы жетекшісінің бірінші орынбасарына генерал-лейтенант әскери атағын берді. Авиацияның генерал-лейтенанты әскери атағы ҚР Ұлттық ғарыштық агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевқа берілді.

Президенттің жарлығымен генерал-майор әскери атағы Иділбек Алдабергеновқа, Нағашыбай Атшабаровқа, Қуаныш Қисықовқа, Сәбит Құдайбергеновқа, Саят Мыңбаевқа, Альберт Маткаримовқа, Ибдіғаппар Райымжановқа, Ермек Үкімбаевқа; авиация генерал-майоры атағы - Евгений Быковқа берілді.

Полицияның генерал-майоры арнаулы атағы Ерлан Тұрғынбаевқа және қаржы полициясының генерал-майоры атағы Қайрат Қожамжаровқа берілді.

Мемлекеттік әділет кеңесшісі 3-ші сыныптық шенін Хамит Бекішев пен Нұрмахан Исаев тағынды.

Сонымен бірге президенттің жарлығымен еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, заңдылық пен тәртіпті сақтауда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ әскери қызметкер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен Нұрлан Жоламанов, Ратмир Комратов, Сабыр Темірбеков, Имір Халықов; ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен Ризабек Ажекенов, Алмас Исабеков; ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен - Алексей Баталов, Мергенбай Көшербаев марапатталды.

"Бүгін біз еліміздің Қарулы Күштерінің құрылуының 15 жылдық мерейтоцын атап өтудеміз. Армиямыз күрделі ахуалда қалыптасты. Бірақ соған қарамастан біз әскери басқармамызды, оқу орындарымызды құрдық, мамандарымызлы дайындадық. Қазір біз Қазақстан армиясын құра алдық деп мақтан тұта аламыз",- деді мемлекет абсшысы.

Н.Назарбаев еліміздің Қарулы күштері "отанымыздың игілігі үшін адал қызмет етеді" дегенге сенім білдірді. "Еліміздің тәуелсіздігін, мемлекеттік шекарамызды қырағы күзетіп, Қазақстандағы бейбәітшілік пен тұрақтылықты көздің қарашығындай қорғауды, әрдайым мығым болуды тілеймін",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны