25.10.2016, 11:23 3861

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапармен келді

Медина қаласына келісімен Нұрсұлтан Назарбаев провинция губернаторы, ханзада Фейсал бен Салман Ил Саудпен екіжақты кездесу өткізді.

Астана. 25 қазан. KazakhstanToday - Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапармен келді, деп хабарлайды Ақорда.

Медина қаласына келісімен Нұрсұлтан Назарбаев провинция губернаторы, ханзада Фейсал бен Салман Ил Саудпен екіжақты кездесу өткізді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды, сондай-ақ Масджид ан-Нәбауи мешітініӊ сәулетімен және интерьерімен танысты.

Одан кейін Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королі Салман бен Ибдел Ил Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр Рияд қаласына келді.

Сапар барысында Сауд Арабиясы Корольдігініӊ тағы бірқатар ресми тұлғаларымен және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізу қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны