26.02.2010, 17:56 3468

Қазақстан президенті шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарын тексеру кезінде өндірісті тоқтататындығы үшін құқық қорғау органдарына сын айтты

Қазақстан президенті шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарын тексеру кезінде өндірісті тоқтататындығы үшін құқық қорғау органдарына сын айтты

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарын тексеру кезінде өндірісті тоқтататындығы үшін құқық қорғау органдарына сын айтты. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан президентінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Тексеруге келгендері түсінікті, бірақ, өндірісті неге тоқтату қажет? Оған кім рұқсат берді? Өндірісті тоқтатуға мүмкіндік берген кім? Біз әрбір кәсіпорын үшін жанымызды салып жатқанда, сендер өндірісті тоқтатасыңдар", - деді Н. Назарбаев.

"Біздің жұмысымызға қарап отырсақ, құқық қорғау органдары - күресуші жақ та, бизнес - қарсы жақ секілді сезім туады", - деді ол. "Баршамыздың мақсатымыз ортақ: біз бір елге, бір экономикаға жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.

Сонымен бірге, Қазақстанның Кәсіпкерлері форумының жетекшісі Райымбек Баталов та өз баяндамасында "бүгінгі күнгі ең өзекті мәселе - тексерістер" екенін атап өтті. "Бизнес үшін мораторий мен тексерулерді прокуратура органдарында тіркеу үлкен пайда әкелді. Алайда, іс жүзінде өмірде тексерулерге сылтау болатын жаңаша, қитұрқы тәсілдер ойлап табылып жатыр. Соның салдарынан бизнеске түсетін қысым азаймай отыр", - деді ол. Осыған байланысты ол президенттен "бизнесті прокурорлық қадағалауды жетілдіру тәсілімен тексерулерді одан бетер арттырудан қорғауды" сұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны