28.09.2016, 15:58 4233

Қазақстан Президенті Шимон Перестіӊ қайтыс болуына байланысты Израиль Президенті Реувен Ривлинге көӊіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шимон Пересті өзініӊ адал әрі сенімді досы ретінде құрмет тұтқанын атап өтті

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Израильдіӊ бұрынғы Президенті Шимон Перестіӊ қайтыс болуына байланысты Израиль Президенті Реувен Ривлинге көӊіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жеделхатта Израильдіӊ бұрынғы Президенті Шимон Перестіӊ өмірден өткені туралы хабарды Мемлекет басшысыныӊ зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Қазақстан халқы Шимон Пересті парасатты басшы, екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға орасан еӊбек сіӊірген тарихи тұлға әрі беделді саясаткер ретінде әрдайым есте сақтайтын болады" - делінген көӊіл айту жеделхатында.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шимон Пересті өзініӊ адал әрі сенімді досы ретінде құрмет тұтқанын атап өтті.

"Онымен әӊгімелесу әрдайым пайдалы еді, сол кездесулерімізді жылы сезіммен еске алатын боламын" - делінген жеделхатта.

Соӊында Қазақстан Президенті орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Израиль Президенті Р.Ривлинге және барша Израиль халқына көӊіл айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны