16.10.2015, 15:08 4005

Қазақстан Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеӊесініӊ кеӊейтілген құрамда өткен отырысына қатысты

Мемлекет басшысы өз сөзінде шағын құрамда өткен Кеӊес отырысында ТМД ахуалы мен даму келешегініӊ мәселелері егжей-тегжейлі талқыланғанын айтты.

Бурабай. 16 Қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы өз сөзінде шағын құрамда өткен Кеӊес отырысында ТМД ахуалы мен даму келешегініӊ мәселелері егжей-тегжейлі талқыланғанын айтты.

Бүгінде әлемде ауқымды өзгерістер болып жатқаны ешкімге құпия емес. Иӊгіме еӊ алдымен экономика және қауіпсіздік жөнінде болып отыр. Болып жатқан жайттар біздіӊ ұйымныӊ да жаӊа жағдайларға бейімделуін талап етеді. ТМД да өсіп, жаӊа жағдайларға ыӊғайлануы, жаӊа қауіп-қатерлерге қарсы барынша тиімді әрекет ете алуга тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті талқылаудан өткен тақырыптыӊ бірі халықаралық қауіпсіздік саласындағы ахуал болғанына назар аударды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Террорлық топтардыӊ қимылы жанданғанын, олардыӊ әрекеті орныққан әлемдік қалыпты бұзып жатқанын айту керек. Бұл жерде халықаралық терроризм көптеген елдер мен өӊірлердегі жағдайға деструктивтік тұрғыдан ықпал ететінін атап өткен жөн. Зорлық-зомбылықтыӊ ушығуы бейбіт тұрғындардыӊ, әсіресе әйелдер мен балалардыӊ арасындағы құрбандар санын ұлғайтты. Нәтижесінде бұл жағдай Солтүстік Африка және Таяу Шығыстан Еуропаға ағылған қарапайым халықтыӊ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі еӊ ауқымды мәжбүрлі миграциясын тудырды. Бұл мәселені шешу үшін орасан экономикалық ресурстар қажет болады. Оған қоса, тұрақсыздық ошақтарын қалыптастыруды діттеген террористер босқын атымен жасырынып жүруі мүмкін, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекеттері басшылары террорлық қауіпті жоюдыӊ уақтылы әрі тиімді шараларын қабылдауға ортақ ниет танытып отырғанын айтты.

Меніӊ БҰҰ Бас ассамблеясыныӊ мінберінен айтқанымдай, Ұйымныӊ келісімімен террорлық ұйымдармен күрестіӊ дүниежүзілік желісін құру қажет. Бізге осы бағыттағы жұмысты күшейтіп, ТМД Террорға қарсы орталығыныӊ әлеуетін барынша пайдалану керек. Сондықтан ТМД мемлекеттері басшыларыныӊ Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ 70 жылдығына және халықаралық терроризмге қарсы күреске қатысты мәлімдеме қабылдауын дер кезінде жасалған әрі қажетті шара деп санаймын, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ ТМД-ға төрағалығы экономикалық тұрғыдан күрделі кезеӊге тап келгенін, бірақ барлық қажетті талаптар орындалғанын айтты.

Достастық аясында жоспарланған шараныӊ бәрі өтті. Бұдан бөлек, таяуда Астанада ТМД елдерініӊ шығармашыл және ғылыми зиялы қауымыныӊ Х мерейтойлық форумы өтеді. Ал Душанбеде ТМД Үкімет басшылары кеӊесініӊ отырысы болады. Осы шаралармен Қазақстанныӊ Достастықтағы төрағалығы аяқталады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Шара барысынша А.Лукашенко Қазақстан Президентіне Беларусьтіӊ мемлекеттік наградасы - "Халықтар достығы" орденін тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев өзініӊ бай жұмыс тәжірибесін пайдалана отырып, ТМД-ныӊ қалыптасуы мен дамуы үшін өте көп жұмыс атқарды, еуразиялық ықпалдастық идеясы да оған тиесілі. Осыныӊ бәрі халықтар арасындағы достықты нығайтып қана қоймай, елдеріміздегі адам тұрмысын жақсарта түседі, - деді Беларусь Президенті.

***

ТМД Мемлекеттері басшылары кеӊесініӊ отырыс қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

- ТМД Мемлекеттері басшыларыныӊ Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ 70 жылдығына байланысты мәлімдемесі;

- ТМД Мемлекеттері басшыларыныӊ халықаралық терроризмге қарсы күрес туралы мәлімдемесі;

- ТМД Мемлекеттері басшыларыныӊ Чернобыль АЭС-індегі апаттыӊ 30 жылдығына байланысты үндеуі;

- ТМД-ға мүше мемлекеттердіӊ төтенше жағдайларды ескерту және жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімі;

- ТМД-ға мүше мемлекеттердіӊ 2020 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасы;

- ТМД-ға мүше мемлекеттердіӊ 2016 - 2020 жылдарға арналған сыртқы шекаралардағы қауіпсіздікті нығайту саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны