14.12.2009, 16:01 3110

Қазақстан президенті "Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай" газ құбырын ашу рәсіміне қатысты

Орталық Азия өңірі маңызды әлемдік табиғи газ рыноктарынан едәуір қашықта орналасқандықтан жекелеген экспорттаушы елдердің күшімен қолға алынған газ құбырының құрылысын қиындата түседі және қымбатқа соғады. Осыған байланысты төрт елдің экономикалық күшті ойыншылар қатарына қосылуы құрылыстың ресурстық көлеміндегі проблемаларды автоматты түрде шешеді.

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан, Қытай және Өзбекстан көшбасшыларымен бірге Түрікменстанның Түрікменабад қаласына келіп, "Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай" газ құбырын ашу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Газ құбыры осы төрт елдің аумағы бойынша өтеді. Оның жалпы ұзындығы 7000 шақырымды құрайды. Осы орайда Түрікменстан аумағы бойынша 188 шақырым, Өзбекстан бойынша - 525 шақырымды, Қазақстан бойынша - 1293 шақырымды, Қытай аумағы бойынша 4860 шақырымды құрайды.

Газ құбыры Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстанның кен орындарының бірыңғай жүйесін байланыстарды және Қытай мен Оңтүстік Азия рыноктары мен барлық өңірдің келешекте экономикасын дамыту үшін стратегиялық маңызға ие.

""Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай" газ құбырын жүзеге асыру барлық қатысушы тараптардың мүдделеріне жауап береді",- деп атап өтті мемлекет басшысы газ құбырының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Орталық Азия өңірі маңызды әлемдік табиғи газ рыноктарынан едәуір қашықта орналасқандықтан жекелеген экспорттаушы елдердің күшімен қолға алынған газ құбырының құрылысын қиындата түседі және қымбатқа соғады. Осыған байланысты төрт елдің экономикалық күшті ойыншылар қатарына қосылуы құрылыстың ресурстық көлеміндегі проблемаларды автоматты түрде шешеді.

Газ құбырын жүзеге асыру өндірілген газды сату есебінен жобаға қатысушы мемлекеттердің табысын арттырып қана қоймай, перспективалы газ кен орындарына барлау жасауға және оны өндіруге қосымша қытайлық инвестиция тарту есебінен оны кеңейту арқылы газ құбырын толтыруға қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндіктер береді. Қатысушы мемлекеттердің табысы сондай-ақ тасымалдау төлемдерін алу есебінен артады.

Оны дамыту есебінен газ құбырын іске қосу жобаға қатысушы мемлекеттердің құбыр бағытынан алшақ жатқан елді мекендеріндегі инфрақұрылымды жаңартуды талап етеді, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуды, жергілікті материалдар мен жабдықтардың тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны