20.10.2009, 17:36 3161

Қазақстан президенті Түркияға ресми сапармен аттанып кетті

Қазақстан президенті Түркияға ресми сапармен аттанып кетті

Астана. 20 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Түркияға ресми сапармен аттанып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазанның 21 мен 24 аралығында Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ хабарламасына сілтеме жасап.

"Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және ғылыми-технологиялық салалардағы бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылып, екі елдің іскерлік өкілдерінің қатысуымен қазақ-түрік бизнес-форумын өткізу жоспарлануда", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Абдулла Гюльмен, ел премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоганмен, Түркия парламентінің төрағасы Мехмет Али Шахинмен, сондай-ақ, Түркияның негізгі саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдарының жетекшілерімен кездеседі деп күтілуде. "Сапар барысында мемлекет басшысы Анкарада орын тепкен ТҮРІКСОЙ бас пәтерінде болмақ. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның тоғызыншы президенті С. Демирелмен кездеседі деп күтілуде", - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны