20.06.2007, 09:44 1172

Қазақстан президенті Түркіменстан және Қырғызстан басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев кеше Түркіменстан және Қырғызстан басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердымұхаммедовтың әңгімесіне жоғары деңгейдегі кездесулер кезінде қол жеткізілген қазақстан-түркіменстан уағдаластықтарының орындалу барысы арқау болды. Атап айтқанда, мемлекет басшылары екі мемлекеттің арасын жалғайтын автомобиль және темір жолдарды салу мәселелерін талқылады".

Ал Қазақстан басшысы мен Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев арасындағы әңгімеде екі жақты қарым-қатынастарды нығайту, көрші елдің экономикасына Қазақстан инвестициясын тарту мәселелерін, сондай-ақ осы жылғы тамызда Бішкекте өткізу жоспарланып отырған Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитіне дайындық мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны