11.09.2018, 23:28 4580

Қазақстан Президенті Түркістан қаласын дамыту жөнінде кеӊес өткізді

- Бұл - түркі халықтарыныӊ киелі мекені. Сондықтан мұнда жұрт көп келеді. Бұл жерде көптеген танымал тұлғалар жерленген, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today -Қазақстан Президенті Түркістан қаласын дамыту жөнінде кеӊес өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Жиын барысында Мемлекет басшысына Түркістан қаласын дамытудыӊ жоспары мен перспективалары жөнінде мәлімделіп, облыс орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіруге қатысты тапсырмалардыӊ орындалуы туралы баяндалды.

- Елімізде жаӊадан Түркістан облысыныӊ пайда болғаны баршаға мәлім. Бұл орынды шешім деп санаймын. Облыс орталығы енді Түркістан қаласына көшеді. Бұл - барлық жағынан да күрделі үдеріс, - деді Қазақстан Президенті.

Елбасы Қазақстан халқы үшін де, бүкіл түркі әлемі үшін де Түркістан қаласыныӊ тарихи әрі рухани мәні зор екеніне айрықша тоқталды.

- Бұл - түркі халықтарыныӊ киелі мекені. Сондықтан мұнда жұрт көп келеді. Бұл жерде көптеген танымал тұлғалар жерленген, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кеӊесте Премьер-Министрдіӊ бірінші орынбасары А.Маминніӊ Түркістан қаласыныӊ аумақтық даму тұжырымдамасы жөніндегі баяндамасы және Түркістан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаевтыӊ әкімшілік-аумақтық басқару органдарын жаӊа облыс орталығына көшіру барысы жөніндегі баяндамасы тыӊдалды. Атап айтқанда, Қазақстан Президентіне инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар салу жоспары, сондай-ақ қаланы энергиямен және сумен қамтамасыз етуге қатысты ұсынылған шешімдер жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілді.

Жиын қорытындысы бойынша Үкіметке және облыс басшылығына бірқатар нақты тапсырма жүктелді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны