16.09.2010, 13:50 3848

Қазақстан Президенті Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 10-шы саммитіне қатысу үшін Ыстамбұлға келді

Қазақстан Президенті Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 10-шы саммитіне қатысу үшін Ыстамбұлға келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 16 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 10-шы саммитіне қатысу үшін Ыстамбұлға келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұрын хабарлағанымыздай, 15 - 16 қыркүйек күндері Ыстамбұлда Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 10-шы саммиті өтеді, оған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

"Алдағы форум барысында әлемнің түркітілдес мемлекеттерінің басшылары жалпы мүдделік танытатын өңірлік және халықаралық проблемаларды, сонымен қатар Түрік кеңесінің Хатшылығы мекемесі мен оның басшылығына қатысты мәселелерді талқылайтын болады. Сонымен қатар, іс-шара аясында Н. Назарбаевтің бастамасымен 2010 жылдың мамырында Түркия президенті Абдулла Гулдің ресми сапары барысында Астана қаласында ашылған Дүниежүзілік түрік академиясының жұмысына қатысты пікір алмасады",- деп хабарлады ҚР СІМ.

Саммитке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Изірбайжан Республикасының Президенті Илһам Илиев, Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл, Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева, Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов қатысады. Саммиттің қорытындысы бойынша декларация қабылданады.

Бүгін "Чираган" сарайында Н.Назарбаевтың Түрік Республикасының Президенті Абдолла Гүлмен және Түркия Премьер-Министрі Реджеп Ердоғанмен екіжақты кездесулері өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны