14.05.2008, 13:48 1305

Қазақстан президенті үкіметке 1 қыркүйекке дейін еліміздің біртұтас жастар саясатын қалыптастыру құжаттарының қоржынын дайындауды тапсырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке 1 қыркүйекке дейін еліміздің біртұтас жастар саясатын қалыптастыру құжаттарының қоржынын дайындауды тапсырды. Ол бүгін "Нұр Отан" ХДП-ның жастар қанаты - "Жас Отанның" бірінші съезінде осындай тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке 1 қыркүйекке дейін еліміздің біртұтас жастар саясатын қалыптастыру құжаттарының қоржынын дайындауды тапсырды. Ол бүгін "Нұр Отан" ХДП-ның жастар қанаты - "Жас Отанның" бірінші съезінде осындай тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Үкіметке 2008 жылдың 1 қыркүйегіне дейін құжаттар қоржынын дайындауды және осы орайда бүгін сьезге қатысушылар айтқан ұсыныстарды ескеруді тапсырамын", -деді үкімет басшысы.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев президенттің жанынан жастар саясаты жөніндегі арнаулы кеңес құруға шешім қабылдағанын жеткізді. "Кеңес жастар саясатын үйлестіріп, "Нұр Отан" ХДП-ның жастар қанаты - "Жас Отанның" атқару комитетімен етене жақын байланыста жұмыс істейтін болады", -деді ол.

Қазақстан мемлекет басшысы президент әкімшілігіне осы кеңесті құруға қажетті шараларды қолдануды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны