01.09.2009, 11:38 1439

Қазақстан президенті үкіметке әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында халық санағының нәтижесін ескеруді тапсырды

"Үкіметке есеп-қисапты халық санағының нәтижесі бойынша алынған мәліметтерге сәйкестендіре жасауды, түпкілікті қорытындыны жылдың аяғында жария етіп, оларды әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында ескеруді тапсырамын", - деді президент.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті үкіметке әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында халық санағының нәтижесін ескеруді тапсырды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Үкіметке есеп-қисапты халық санағының нәтижесі бойынша алынған мәліметтерге сәйкестендіре жасауды, түпкілікті қорытындыны жылдың аяғында жария етіп, оларды әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында ескеруді тапсырамын", - деді президент.

"Санақ бізге халықтың жағдайының қандай екендігі туралы бағалы мәліметтер берді. Бұл ақпарат еліміздің алдағы жылдарға арналған өмірін айқын жоспарлауға мүмкіндік береді", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны