29.01.2010, 16:21 2806

Қазақстан президенті үкіметке индустриялық басымдықтарды ескере отырып, 2020 жылға дейінгі еліміздің ғылыми-технологиялық даму жоспарын жасауды тапсырды

Қазақстан президенті үкіметке индустриялық басымдықтарды ескере отырып, 2020 жылға дейінгі еліміздің ғылыми-технологиялық даму жоспарын жасауды тапсырды

Астана. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті үкіметке индустриялық басымдықтарды ескере отырып, 2020 жылға дейінгі еліміздің ғылыми-технологиялық даму жоспарын жасауды тапсырды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Президенттің айтуынша, "Астанада құрылып жатқан жаңа университеттің аясында жаңадан үш ғылыми орталық құрылады".

"Біріншісі - өмір жайлы ғылымдар орталығы - жетекші әлемдік ғылыми орталықтармен бірлесе отырып органдар трансплантациясы, жасанды жүрек, өкпе, дің клеткалары мен ұзық ғұмыр медицинасы саласындағы ғылыми жобалармен айналысады. Екіншісі - энергетикалық зерттеулер орталығы - орны толатын энергетика, физика мәселелерімен айналысады. Үшіншісі - пәнаралық сынақтар орталығы инжиниринг орталығы, зертханалық база, конструкторлық бюро рөлін атқарады", - деді Н. Назарбаев.

Оның нақтылауынша, "үш орталық та биыл құрылуға тиіс".

"Сол себепті де үкіметке индустриялық басымдықтарды ескере отырып, 2020 жылға дейінгі еліміздің ғылыми-технологиялық салааралық даму жоспарын жасауды тапсырамын", - деді президент.

Сонымен бірге ол "ғылым туралы жаңа заңның жобасын тездете жасау қажеттігін" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны