10.09.2009, 10:13 1413

Қазақстан президенті үкіметке Оңтүстік Қазақстан облысында тікұшақтың құлауы кезінде қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді

Қазақстан президенті үкіметке Оңтүстік Қазақстан облысында тікұшақтың құлауы кезінде қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің тікұшағының құлауы кезінде мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі әскери міндетті орындау кезінде қайғылы қазаға ұшыраған шекарашылардың отбасыларына қатты қайғырып, көңіл айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы үкіметке қаза болғандардың отбасыларына, сондай-ақ апат кезінде зардап шеккендерге материалдық көмек және қажетті қолдау көрсету жөнінде тапсырма берді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне апаттың себебіне мұқият тексеру жүргізу, әскери қызметшілердің қауіпсіздігін күшейту жөнінде қажетті шаралар қабылдау және келешекте мұндай оқиғаларға жол бермеу туралы нұсқау берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны