29.01.2010, 13:58 2665

Қазақстан президенті Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын бекітуге енгізуді тапсырды

Қазақстан президенті Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын бекітуге енгізуді тапсырды

Астана. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті үкіметке ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын бекітуге енгізуді тапсырды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Үкіметке маған ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын бекітуге енгізуді тапсырамын", - деді Н. Назарбаев.

Қазақстан президентінің хабарлауынша, "ағымдағы жылдан бастап республикалық бюджетке берілетін кепілді трансферт көлемі $8 млрд деген абсолюттік көлемде тұрақты белгіленеді". "Бұл трансферт ең алдымен индустрияландыру мақсатын жүзеге асыруға бағытталуға тиіс. Ұлттық қордан бюджетке бұдан басқа ешқандай қосымша несие, немесе қосымша трансферт деген болмайды", - деді ол.

"Осындай көзқарастарды ескере келгенде Ұлттық қордың активтері 2020 жылы $90 млрд дейін жетуге тиіс, бұл - Жалпы ішкі өнімнің 30%-ынан кем емес", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны