18.07.2006, 14:42 3207

Қазақстан президенті Үндістанға сапармен баруға шақыру алды

АСТАНА. 18 шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Санкт- Петербургта Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингхпен кездесуі кезінде осы елге сапармен баруға шақыру алды. Бұл жөнінде президент баспасөз-қызметіне сілтеме жасап, агенттік тілшісі хабарлайды.

«Сегіздік топ» саммиті аясында өткен кездесуде Н. Назарбаев пен М. Сингх сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

«Қазақстан біздің әріптесіміз, біз Сізді аса құрметтейміз. Біз екі жақтың іскер орталары қарым-қатынасының кеңейуіне жағдай жасауымыз керек. Үндістан Қазақстанда жүзеге асырылатын жобаларға қатысуға ықтияр», - деді ел премьер-министрі. Ол, Қазақстанды СВМДА екінші саммитін ойдағыдай өткізуімен құттықтап, аталған форумның аймақтағы қауіпсіздікті нығайтудаға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Н. Назарбаев өз кезегінде Қазақстан мен Үндістан арасында қай бағытта болмасын ынтымақтастықтың дамуына кедергі келтіретін ешқандай проблеманың жоқ екенін атап өтті.

«Қазақстанда Үндістанның шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алатын, индустриалды даму бағдарламасы жүзеге асырылуда. Фармацевтика, жоғары технология, мұнай және газ құбыры құрылысы салаларындағы ынтымақтастық оңтайлы болады», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны