10.04.2017, 22:59 5030

Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымыныӊ мерейтойына орай мемлекетаралық "МИР" телеарнасына сұхбат берді

Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымыныӊ мерейтойына орай мемлекетаралық "МИР" телеарнасына сұхбат берді,- деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымыныӊ мерейтойына орай мемлекетаралық "МИР" телеарнасына сұхбат берді,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы телеарнаныӊ Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымыныӊ өӊірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі, ұйымныӊ институционалдық дамуы және бұл үдерістерге Қазақстанныӊ қосқан үлесі жөніндегі сауалдарына жауап берді.

Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев өӊірдегі жаӊа сын-қатерлер мен қауіптерге қатысты өз ойын ортаға салып, оған қарсы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында күресудіӊ ұжымдық шаралары туралы әӊгімеледі.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен НАТО-ныӊ ұқсастығы жөнінде пікір білдіріп, бұл ұйымдардыӊ сипаты мен құрылуындағы міндеттерініӊ айырмашылықтарына тоқталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны