28.05.2010, 13:56 4294

Қазақстан президенті Васильков кен-байыту комбинатының атауын "Алтынтау" деп өзгертуді ұсынды

Қазақстан президенті Васильков кен-байыту комбинатының атауын "Алтынтау" деп өзгертуді ұсынды

Көкшетау. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Васильков кен-байыту комбинаты" АҚ-ның жұмысшыларымен кездесу барысында кәсіпорынның атауын "Алтынтау" деп өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен бұл комбинатқа басқаша атау бергім келеді. Біз Васильков кен-байыту комбинаты деген атаудың қайдан шыққанын нақты білмейміз", - деді Н. Назарбаев.

Осыған байланысты Теміртау, Ақтау, Кентау секілді атауларға ұқсастырып Васильков кен-байыту комбинатын Қазақстан президенті "Алтынтау" деп атауды ұсынды.

Құрамында алтыны бар кендерді өндірумен және өңдеумен шұғылданатын Васильков кен-байыту комбинаты Ақмола облысының орталығы - Көкшетаудан солтүстікке қарай 17 шақырым жерде орналасқан. Васильков кен-байыту комбинатының шикізат көзі - жиынтық қоры 360 тоннаға жететін Васильков алтын кеніші, ол әлемдегі ең ірі кеніштердің біріне жатады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны