10.09.2017, 11:32 3405

Қазақстан Президенті Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесті

Николас Мадуро Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға келіп, Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты.

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Венесуэла Президентініӊ Қазақстанға алғаш рет сапармен келіп отырғанын атап өтті.

- Сіздіӊ Қазақстан жеріне келгеніӊізге қуаныштымын. Бүгінгі саммитке қатысқаныӊыз үшін ризашылығымды білдіремін. Еліӊізде болып жатқан оқиғалар жөнінде білеміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Николас Мадуро Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға келіп, Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ Венесуэла Президенті бұл кездесу екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға негіз болатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны