04.10.2016, 19:57 4485

Қазақстан Президенті Владимир Путинмен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей өӊіраралық ынтымақтастығы XIII форумы аясында Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 4 қазан. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей өӊіраралық ынтымақтастығы XIII форумы аясында Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары кеӊ ауқымды мәселелерді, соныӊ ішінде екіжақты ынтымақтастықтыӊ дамуыныӊ басты бағыттарын талқылады.

Бұдан бөлек, әлемдік және өӊірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттар қарастырылды.

Қазақстан Президенті Ресейдегі жуырдағы сайлаудыӊ табысты өтуі елде жүргізіліп жатқан тиімді жұмыстардыӊ нәтижесі екенін айтты.

- Сочиде өткен форумда қол жеткізілген келісімдерді орындау үшін елдеріміздіӊ үкіметтері жемісті жұмыс жүргізді. Бүгінгі форумда екі елдіӊ 900 бизнесмені кездесетін болады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресейдіӊ көршілес өӊірлерініӊ басшылары келіссөз жүргізіп, нәтижесінде қазірдіӊ өзінде нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді. Мұныӊ бәрі екіжақты қарым-қатынастыӊ жоғары деӊгейде екенін дәлелдейді, - деді Мемлекет басшысы.

В.Путин көрсетілген қонақжайлық үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа негізделгенін атап өтті.

- Біз барлық бағыт бойынша өзара іс-қимыл жасаймыз. Сіздіӊ бастамаӊызбен өткізіліп отырған өӊіраралық форумға Қазақстанмен бірлесіп тығыз жұмыс жүргізетін Ресейдіӊ 400 бизнесмені қатысады. Бүгінгі форумныӊ тақырыбы өӊірдіӊ көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту үшін маӊызды әрі пайдалы болмақ, - деді Ресей көшбасшысы.

Сондай-ақ, бұл күні Мемлекет басшысы Қазақстан-Ресей бизнес-форумына қатысты.

Қазақстан мен Ресей мемлекеттік органдарыныӊ, квазимемлекеттік сектор мен іскерлік ортаныӊ 1300-ден астам өкілі қатысқан форум барысында инвестиция және сауда-экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастық аясын кеӊейту жолдары қарастырылды.

Қазақстан Президенті өз сөзінде Ресей Федерациясы еліміздіӊ стратегиялық одақтасы және маӊызды сауда-экономикалық серіктесі болып саналатынын атап өтті.

- Біз кеӊ ауқымды бағыттар бойынша өзара тиімді іскерлік ынтымақтастықты жүзеге асырып келеміз. Оған осы өӊіраралық форум да септігін тигізетін болады. Биылғы бірінші жартыжылдықта өзара сауда-саттықтыӊ көлемі 6 миллиард долларға жуықтады. Сонымен қатар, дағдарысқа дейінгі кезеӊмен салыстырғанда бұл көрсеткіштіӊ 30%-ке төмендегені байқалады. Көп жағдайда оныӊ қарқыны бәсеӊдеуі сыртқы жаһандық ахуалдарға байланысты болып отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда, Мемлекет басшысы екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамытуға серпін беру қажеттігін айтты.

- Бізде Ресеймен бірлескен 6 мыӊнан астам кәсіпорын жұмыс жүргізуде. Мұнай химиясы, тау-кен металлургиясы кешені сияқты көптеген салада екіжақты инвестициялық жобалар іске асырылуда. Қазіргі уақытта бізде құны 20 миллиард доллар болатын 60-тан астам жоба бар. Олардыӊ іске асырылуына қолдау көрсетілетін болады, - деді Қазақстан Президенті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев өзара іс-қимыл аясын кеӊейту үшін айтарлықтай әлеуеттіӊ бар екеніне назар аударды.

- Біз Еуразиялық экономикалық одақ аясында жұмыс жүргізіп отырмыз. Еркін сауда жөнінде Вьетнаммен келісімге қол қойылып, осындай келіссөздер Қытаймен, Оӊтүстік Кореямен және Сингапурмен жүргізіліп жатыр. ЕурАзЭО-мен ынтымақтасуға Үндістан, Мысыр, Иран, Оӊтүстік Шығыс Азия елдері қауымдастығыныӊ мүшелері және басқа да елдер ниет білдіруде. Біз мақсатты түрде барлық өндірушілер мен инвесторлар үшін ортақ айқын ережелер қалыптастырудамыз. Қазақстанныӊ экономикасына қаражат құя отырып, Ресей бизнесі мұнда өздерін "үйіндегідей" сезінетін болады. Еуропа мен Азия арасындағы қуатты көлік-логистика инфрақұрылымын қалыптастыру мәселесінде елдеріміздіӊ ортақ мүддесі тоғысып жатыр, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті республикадағы инвестициялық ахуалдыӊ жақсарып, экономиканыӊ әртараптандырылуына күш-жігер жұмылдырылып жатқанына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы жандандыру саласындағы, соныӊ ішінде салық режімін ырықтандыру, ауқымды жекешелендіру ісініӊ келесі кезеӊін жүзеге асыру және Астана мен Алматыда инновациялық екі кластер құру бағытында мемлекет қабылдап отырған шаралар туралы айтып өтті.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы алдағы уақытта "Астана" халықаралық қаржы орталығы ашылып, "ЭКСПО-2017: Болашақтыӊ энергиясы" халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетінін еске салды.

Соӊында Қазақстан Президенті талқыланып жатқан бастамалардыӊ тиімді іске асырылатынына сенім білдіріп, қатысушыларға табыс тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны