07.05.2010, 09:59 3526

Қазақстан президенті жоғарғы әскери және арнаулы атақтар мен сыныптық шендер беру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан президенті жоғарғы әскери және арнаулы атақтар мен сыныптық шендер беру туралы жарлыққа қол қойды

Астана. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күніне орай Ақордада Елбасы, ҚР Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылдың 5 мамырында "Жоғарғы әскери және арнаулы атақтар мен сыныптық шендер беру туралы" №984 жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Генерал-полковник әскери атағын Сәкен Жасұзақовқа, генерал-лейтенант әскери атағын Мұхтар Аюбаевқа, авиацияның генерал-лейтенанты әскери атағын Александр Сорокинге; генерал-майор әскери атақтарын : Руслан Алимов, Мүслім Алтынбаев, Бекет Байғазиев, Ғабит Байжанов, Нұржан Жігітеков, Талғат Жанжүменов, Өсер Мизанбаев, Аманжол Оспанов, Асхат Рыспаев, Амангелді Тәженовқа; авиация генерал-майоры әскери атағын Алсай Жұмановқа беруді қаулы етемін", - делінген жарлық мәтінінде.

Сондай-ақ, жарлыққа сәйкес "полицияның генерал-майоры арнаулы атағы: Амантай Иубәкіровқа, Марат Демеуовке, Жайлаубек Кембаевқа, Нұрлан Рахымберлинге; 1 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені Қайрат Мәмиге берілді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны