12.04.2010, 10:42 3039

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Брюссельде болды

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Брюссельде болды

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Брюссельде болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде Еуропалық инвестициялық банктің президенті Ф.Майштадтпен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Еуропалық инвестициялық банктің Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін жоғары бағалады. ЕИБ-ның Қазақстан экономикасына инвестиция салу мәселелерінде негізгі серіктес ретінде қарастырылатыны атап өтілді.

"Қазақстан Республикасы мен Еуропалық инвестициялық банк арасында бүгін қол қойылған Негіздемелік келісім болашақтағы өзара тиімді ынтымақтастыққа негіз қалауы тиіс. Бұл Қазақстан үшін ең бірінші кезекте инфрақұрылымдық жобаларға ұзақмерзімді және салыстырмалы түрде онша қымбат емес кредиттік ресурстар тартуға мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Қазақстан мен ЕИБ арасындағы ынтымақтастықтың "жол картасын" жасау туралы ұсыныс айтты. Онда орта және ұзақмерзімді келешекке жоспарланған нақты перспективалық жобаларды көрсеткен маңызды.

Кездесуде айтылғандай, Кеден Одағының құрылуы Қазақстан нарығын еуропалық инвестициялар үшін тек мұнайгаз және энергетика салаларында ғана емес, сонымен бірге транзиттік-көліктік инфрақұрылым, ауылшаруашылық және индустриалдық-инновациялық салалары бойынша тартымды инвестициялық алаңға айналдырмақ.

Қазақстан сонымен қатар ЕИБ-ны жаңартылатын энергия көздерін дамыту, өндірісте экологиялық тұрғыдан таза серпінді және энергосақтаушылық технологияларды пайдалану арқылы су ресурстарын басқару жобаларына тартуға мүдделі.

Мемлекет басшысы Ф.Майштадтты ағымдағы жылдың маусым айында Алматыда өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысына қатысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны