22.09.2009, 13:12 1497

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді

Шымкент. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Президент әуежайдан кардиологиялық орталыққа бет алды, онда ашық жүрекке операция жасауға мүмкіндік беретін жаңаша жабдықпен танысады.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұдан кейін президент Сайрам ауданындағы жаңа макарон фабрикасына барады, бұдан кейін облыс орталығындағы Ордабасы алаңында тұрғызылған Тәуелсіздік ескерткішінің ашылуына атсалысады.

Бұдан кейін президент жұмыс сапарының бағдарламасы аясында Арыс ауданына бармақшы, онда Елбасына "Ақдала" АҚ-ның шаруашылығы таныстырылады. Онда көкөніс, мақта мен бақшалық дақылдарды өсірудің тамшылап суғару тәсілі табысты пайдаланылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны