18.06.2009, 11:37 1265

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді

Семей. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, түске дейін мемлекет басшысы Семейде "Жұлдыз-Ардақ" балабақшасын, "СемАЗ" зауытын аралайды, сондай-ақ, "Невада-Семей" қозғалысының 20 жылдығына арналған митингіге қатысады.

Ал түстен кейін Н. Назарбаев Өскеменге ұшып барады. Облыс орталығында президент "Новая Согра" ықшамауданында орын тепкен "Шығыс Қазақстан жылыжай кешені" ЖШС-ін аралап, "Прима-Зодиак" атты жаңа ойын-сауық- сауықтыру орталығының ашылуына қатысады.

Мемлекет басшысы 19 маусымда "Қазмырыш" АҚ-ына барып, өңіраралық инвестициялық форумға қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны